Басты жаңалықтар

Ойын құмар жігіт интернетті өшіріп тастаған ата-анасын улап өлтіре жаздады

29 жастағы жігіт күндіз де, түнде де телефонның даусын қатты шығарып бөлмесінде ойын ойнаудан босамайды екен

29 жасар Тайландтық Сисакет, интернетте ойын ойнауына кедергі келтірген туыстарын улап өлтірмек болды. Бұл жайлы KYN.KZ  Daily Mirror сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Анасы және өгей әкесімен бірге тұратын қылмыскер түнде  туыстарына ұйықтауға кедергі келтірген. Телефонынының даусын қатты шығарып ойын ойнағандықтан, өкей әкесі интернетті сөндіруге мәжбүр болған. Бұл жағдайға ашуланған Сисакет  үйдегілермен ұрыса жөнеліп, ақыр аяғында әкесінен таяқ жеген. Ашуға булыққан өкпелі ұл  – кек алу мақсатында, құдыққа құрт-құмырсқаға қарсы себілетін химикатты сепкен.  Дер кезде, су түсінің өзгергенін байқаған анасы, бұл қасыреттің алдын алды. Анасы, дәрігерлерден ұлына емдеу орталығына жолдама беруді сұраған. «Ұлым, телефондағы ойындардан көз алмайды. Сол үшін де оның жүйкесі сыр берген секілді. Үлкен азамат болғандықтан оған тоқтау салу да  тым қиын»,-дейді жігіттің анасы. Дәл осыған ұқсаса жағадй, сәуір айында, Калифорния штатының Беркли қаласында орын алған. Химик, әріптесін өлтіру үшін, күнделікті ас-суына кадмий (өте улы келеді ) элементін араластырып беріп жүрген.