Басты жаңалықтар

Мұрнын кесіп, тілін тесіп тастаған: Қарағандыда ата-анасы туған қыздарын қорлап "Мауглиге" айналдырған

4 жасар қыз маскүнем ата-анасынан қалған жуындыны ішіп, өзіне арналған темірде ұйықтаған.

Мұрны сынып, аяқ саусақтары бүгілмей қалған "Маугли" қызды еріктілер өлімнен арашалап қалды. Қарағандылық ерлі-зайыпты төрт жасар бүлдіршінді күні-түні ұрып, өздерінен қалған жуындымен тамақтандырыпты. Өлшемі кіші аяқ киімнен саусақтары бүгіліп, мүлде жазылмай қалған, деп жазды KYN.KZ "Еуразия" арнасына сілтеме жасай отырып. "анама бармаймын, ол ашулы. Мені ұрады" дейді бала. Қазір өзін өте жақсы сезінуде",-дейді еріктінің бірі. Араққа салынған анасы мен оныме бірге тұратын ер адамнан әбден қорлық көрген бүлдіршін еріктілерге дәл осылай жалынып, өзін үйге қайтармауын сұраған. Баланы басынып, бас-аяғынан сау жер қалдырмаған ерлі-зайыптылар волонтерлардың "қыздарың қайда" деген сұрағына да селқостық танытып, еш селк етпеген. Өйткені екеуі де удай мас. Өз отбасы өзегінен тепкен қыз бала үйінде Маугли секілді өмір сүрген. Қатты целлофанның үстінде ұйықтап, үлкендерден қалған жуындыны жеп-ішкен. Іші лас, сасық иіс мүңкіген баспанада тұрып жатқан бүлдіршін туралы еріктілерге куәгерлердің бірі хабарлаған екен. Жеткіншекті көрген олар, баланы бірден алып кетіпті. "Анасы Наташаға барып, "баланы неге ұрғансыңдар", деп сұрағам. Ол қызда қан қысымы барын айтып, ақталды. Бүлдіршіннің аяқ-киімі кіші өлшемде болғандықтан, аяқ саусақтары бүгіліп қалған. Шашынан тараған кезде басым ауырады деп жылады. Тамағы ісіп кеткен. Тілі әбден тістелген. Мұрны сынғандықтан, ұйықтағанда аузымен демалады. Біз бұл жайттардың барлығын полицияға хабарладық. Барлығы заң жүзінде іске асырылды",- дейді Виктория есімді ерікті.  width=

қыздың темір төсегі
 width=
тілін тістелеп тастаған

Ал тұрмысы төмен отбасының көршілері болған жайттан бейхабар. Қорлық көрген қызды да, оның анасын да көрмейміз дейді. Бүлдіршін балабақшаға да бармайды. Ал ерлі-зайыптылар бұдан бұрын қылмыс жасап не жауыздық көрсету дерегімен көзге түспеген. Қарағанды қаласының білім бөліміндегілер бұл жайтты ести сала, қыз баланың отбасы мүшелерімен сөйлесіп, істің ақ-қарасын анықтап жатқанын айтты.  width=

Қыз баланың аяқ саусақтары жазылмай қалған

"Қазір мен жіберген арнайы маман аталған отбасының үйінде. Қыздың анасы жайтқа қатысты түсініктеме жазып берді. Ал полиция департаментіндегілер бұл отбасы мүшелерінің бұрын істі болмағанын айтты. Баланы біз Теміртау қаласының кәмелет жасына толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жібереміз. Онда оған психологиялық көмек көрсетіледі. Ал анасына әкімшілік жаза қарастырылатын болады",- дейді қалалық Білім бөліміқамқоршылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішова. Қызына қорлық көрсеткен әйел аналық құқығынан айырыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Мамандар қазір отбасының әлеуметтік жағдайын анықтап, қыздың нақты кімнен және қашан зәбір көргенін дәлелдемек.