Басты жаңалықтар

Теміртауда: 7 жыл бойы анасы бір бөлмеде қамап ұстаған қыз 4-қабаттың терезесінен секіріп кетті

24 жастағы қыз мектеп бітіргелі бір бөлмеде тамақтанып, сонда дәрет сындырған.

Естімеген елде көп. Мектеп бітірген бойда жоғалып кеткен бойжеткен жеті жылдан кейін  өз пәтерінен табылды.  Қыздарын осынша жыл жұрттан жасырып, үйінде қамап ұстаған отбасының өтірігі ашылды. Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласы нда болды. Бұл іске қазір полицияда араласуда, деп жазды  KYN.KZ  Еуразия арнасына сілтеме жасап. Оқыс оқиға 20 мамырда болған.  9-қабаттан секірген қыз тұрғын үйдің астындағы дәмхананың төбесіне түскен. Аң-таң болған куәгерлер бірден жедел-жәрдемді, полицияны шақырыпты. "Анасы қамап тастаған. Ол бір бөлмеде тамақтанып, сол жерде дәрет сындырған. Полиция келіп қыз тұрған бөлмені көріп шошып шықты",-дейді көршісі. Сұлап жатқан қыздың айналасына үймелеген тұрғындар оны бірден таныған. Жеті жылдай көрінбей кеткен Иринаны анда-санда анасынан сұрап қояды екен көршілері. Сыр алдырмаған шешесі қызының тұрмысқа шығып, астанада тұратынын айтып, жасырып келіпті. Алайда, мына жағдайдан соң отбасының барлық өтірігі әшкере болды. Ирина мектеп бітіргелі үйінде қамалып отырған екен. Бөлменің іші де адам төзгісіз күйде болған. Жалаң еден, айналасы күл-қоқыс. "Үйінде не болғанын біз білмейміз. Әпкесі полициямен бірге ішке анықтауға кірген кезде жағасын ұстап шықты. Қыздың бөлмесі адам төзгісіз күйде болған. Кереуетте жоқ, ескі орындық ғана тұр. Айналасындағы ыдыс-аяқтары пласмассадан болған. Сонда осылай тамақ берген бе деген ой келді. Не жағдай болғанын білмейміз. Тіркеуде тұрғанын білдік"-дейді көршісі. Алайда, көрші-көлемнің бұл әңгімесін Иринаның анасы жоққа шығарып отыр. Тараған ақпараттың бәрі жалған дейді. “Мұның бәрі жалған ақпарат. Ешкім тар қапаста қамап ұстаған жоқ. Біз туралы неше түрлі сөз желдей есуде. Тіпті, діни сектағада кіргізіп қойыпты. Сыртымыздан айтылып жатқан әңгімелерді естіп жатырмыз. Мен өзім ешкімге ешқандай сұхбат берген емеспін. Қауесеттің бәрі еш дәлелсіз дүние”,- дейді Иринаның анасы Инна. Оқиға болған күні терезеден секірген бойжеткеннің өзінен 4 жас үлкен ағасы да үйде жүрген екен. Жалпы, тұрғындар  отбасы мүшелерінің биязы, бірақ тұйықтау екенін айтуда.  Бұл іске полицияда араласып, анасы мен ағасының Иринаны неліктен  үйге қамап ұстағанын анықтауда. Үй қамауында болған 24 жастағы Ирина қазір ауруханадан үйіне шығарылған. Дәрігерлердің анықтауы бойынша,  оның бас сүйегі мен аяғы бірнеше жерден жарақат алған. Осы оқиғаға байланысты Теміртаудың ішінде гу гу әңгіме.