Басты жаңалықтар

Әуежайда шу шығарған «Дос-Мұқасан» тобының әншісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды 

Әуе компаниясы басшылығы әншіні дөрекі сөйлеп, қызметкер қызды ұрып жібергені үшін ұшаққа отырғызбай қойған

Аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазды KYN.KZ. «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол «Билік өкілін қорлау» 378-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталуда. Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні "Эйр Астана" әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. Кейін экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартты.