Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ер адам башпай қосылатын атақты сусынды ішу үшін аяғының саусағын кесіп берді

Ер адам башпай қосылатын атақты сусынды ішу үшін аяғының саусағын кесіп берді
ашық дереккөз
Әлем халқын шошытқан бар қызметкері дәл осы сусынды 16-шы рет дайындағанын айтып отыр
Аты аңызға айналған коктейльге бола аяғының екі саусағын кесіп берген еркек.  Болтон қаласының тұрғыны, «Қышқыл саусақ» (Sourtoe) коктейліне бола аяғының екі саусағын  кесіп берді. Әйгілі сусынды Доусен қаласындағы  «Даунтаун» қонақ үйінің барында дайындайды. Бұл туралы KYN.KZ  CBC News порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Ник Шриффитс есімді азамат экстремалды қысқы ойындарына қатысып, 2018 жылы аяғын үсік шалып, үш саусағын кестіруге мәжбүр болған. 47 жастағы еразамат аталмыш сусын туралы талай естіп, жарамсыз қалатын бармағын пайдаланбақшы болыпты.  Доусен қаласына Гриффитс саусақтарын пошта арқылы жіберіп, арнайы хат та жолдады. Онда былай делінген: «менің саусақтарым сідерге аман-есен жетті деп үміттенемін. Және жолдаманы ұзаққа созғаныма кешірім өтінемін».   Бардың өкілдеріне бармақты мумияға айналдыруға 6 аптадай уақыт қажет. Гриффитстің басбармағы коктейлді дайындау тарихындағы 16-шысы. Отельдің қызметкерінің айтуы бойынша, қолы ашық донорды осы жылдың жазында өз саусағынан дайындалған ең ерекше сусынмен қуантамыз.   «Қышқыл саусақ» коктейлінің тарихы сонау 1973 жылдан бастау алады. Жергілікті аңызға сенсек, белгісіз адамның бармағын Дик Стивенсон есімді капитан қайықтан тапқан. Арнайы клуб құрып, талайды таңдандырған сусынды ойлап тапқан да өзі екен. 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар