Басты жаңалықтар

Йогуртты дұрыс таңдап, дұрыс тұтыну арқылы қатерлі ісікті қайтаруға болады

Ғалымдар тәжірибе жасап тірі йогурттың адам айтса сенгісіз пайдасын анықтады

Вашингтон университетінің ғалымдарының 26 жыл бойы жүргізген зерттеуінің нәтижесі: иогуртты аптасына  2 реттен артық тұтыну - еркектерді тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдығуынан сақтайтындығын дәлелдеді. Бұл жайлы KYN.KZ EurekAlert пресс-релизине cілтеме жасай отырып хабарлайды. Ғалымдар зерттеуді 32 606 ер адам мен 55 743 әйелге жүргізген. 1986 жылдан бастап 2012 жылға дейін, әр қатысушының төменгі ішек жолдарына эндоскопиялық тексеру жүргізіліп отырған. 4 жыл сайын, еріктілер өздерінің йогурт тұтынуынан бастап, денсаулығы мен диеталары жайлы ақпараттар беріп отырған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, 5811 жағдайда ер адамда  8116 жағдайда әйелдерде аденоманың жетілуі анықталған. Ал, йогурт жеуді әдетке айналдырған ер адамдарда қатерсіз ісікке шалдығу қауіпі 19 пайызға дейін түскен. Сонымен қатар, тоқ ішекте аденома пайда болып, оның қатерлі ісікке айналу қаупі де 26 пайызға дейін түскен. Ал әйелдерде йогурт тұтыну мен қатерлі ісікке шалдығу арасындағы байланыстың жоқтығы байқалған. Бұл жағдай,тірі йогурттарда жиі кездесетін Lactobacillus bulgaricus и Streptococcus thermophilus бактерияларының ішек жолдарына түсетін химиялық заттардың қатерлі ісікке ұласуы қаупінің алдын ала алатындығымен түсіндіріледі.