Балаңызбен ара-қатынасыңыз жақсы болсын десеңіз, көпшілік жасайтын мына 5 қателіктен аулақ болыңыз
Психолог бала мен ата-ана арасын суытып, алыстатып тастайтын 5 жағдайды қалай өзгертуге болатынын айтты
Кез-келген ата-ана баласымен тек кішкентай кезінде ғана емес, одан кейін де жақын досы болғысы келеді. Өкінішке орай, дұрыс қарым-қатынас жасамау салдарынан, көптеген бала 13-тен асқан соң ата-анасынан алыстай бастайды. KYN.KZ психологтардың кеңесіне сүйене отырып ата-аналар жиі қателесетін бес мысалды назарларыңызға ұсынады. Балаңызбен араңызды суытып, достық байланысты жоғалтқыңыз келмесе төмендегі сұрақтарды балаңызға қоймауға тырысыңыз
- Үйреншікті сұрақтар
- Мектептегі жағдай қалай?
- Түскі асқа не берді?
- Үйге қандай тапсырма берді?
Бұл сұрақтар бала мектеп бітіргенше оған талай қойылады. Бастапқыда ата-ана тарапынан қызығушылық ретінде көрінгенімен, одан кейін үйреншікті сұраққа айналады. Күн сайын ести беріп, бала да мезі болады. Кеңес: Сұрақты жалпыламай, әр кез ауыстырып қоюға тырысыңыз. Мысалы, балаңыздың сүйікті пәнінен қандай жаңа тақырыпты игергендігін сұрауыңызға болады.
- Бақылаушы сұрақтар
- Сабағыңды жаздың ба?
- Аяқ киіміңді жудың ба?
- Төсегіңді жинадың ба?
Баласының «екілік» алып қалмауы немесе басқа нәрселерден сақтандыру құралы ретінде қойылады. Десе де, бұндай бақылаушы сұрақтар баланың жүйкесіне тиіп, әңгімеден қашуларына себеп болады. Кеңес: Екінші сыныптағы балаға қойылатын сұрақты 10 сыныпта оқитын балаңызға қоюдың қажеті шамалы. Баланы өмір бойы бақылай аламайсыз, еркіндік беріңіз. Қателік жіберіп, оның «зиянын» да шегіп үйренсін.
- Ыңғайсыз сұрақтар
- Саған сыныпта кім ұнайды?
- Неге ол баламен дос болмай қойдыңдар?
- Сені туған күніне неге шақырмады? Неге?
Ересектер өз араларында әрдайым ара-қашықтықты ескеріп, тек екеуіне қажетті тақырыптарда әңгімелер қозғайды. Ал балаларға келгенде бұл шегараны ұмытады. Осылайша, кешегі бәрін тақылдап айтып беретін кішкентай сәбиінің өсе келе тұйықталып кеткендігіне таң қалады. Ал, бұндай сұрақтар қойғанда, баланың жынданып, ашуланып кеткендігін де өздерінен көрмейді. Кеңес: Сұрақ қоймас бұрын, өзіңізді балаңыздың орнына қойыңыз. Әр адамның әлсіз тұстары бар,оны жақындарының басып өтуінің қажеті шамалы. Мектепте ешкім танымайтын қыздан: «Неге сен шақырмады?»-дп сұрау, оның жүйкесіне тимей қайтсін? Тағы да, толық балаға: «Асханада не істедің?»-деп сұрау көңіліне тимейді деп ойлайсыз ба? Әр баланың өз мәселесі бар. Оны қайта-қайта сұрап, жеке өміріне араласа берудің қажеті жок. Іш пыстыратын сұрақтар:
- Жаңа кітаптар бері ме?
- Жаңа жылдық ақшаны қашан жинайсыңдар?
Балар мен ересектердің қызықтыратын мәселелер екі түрлі. Әкесі үшін, мектепке қанша ақша жинайтындықтары маңызды болса, анасы үшін мектеп жиналысы қашан болатндығы маңызды болуы мүмкін. Ал балаға бұның аса маңыңызды болмауы мүмкін. Ол өзі айтпайынша, қайта-қайта сұраудың керегі жоқ. Кеңес: іш пыстыратын сұрақтардан қашып құтыла алмаймыз.Баламен әңгімелесудің амалын таппай бара жатсаңыз, одан басқа қойылатын сұрақтар легі көп қой. Балаға ұнамағанын байқасаңыз, тақырыпты ауыстыруға тырысыңыз. Негатив туғызатын сұрақтар
- Ата-анасы кімдер?
- Отбасыларында қанша бала бар?
- Ұлты қандай?
Ешкім идеал емес. Көптеген ата-аналар баласының достарына дейін өсектегенді ұнатады. Қалай өмір сүру керектіктерін үйретіп, баланың көзінше төмендеткендігін байқамайды. Осылайша, баласының өсе келе кедей адамдарды менсінбей, оларды неге келеке ететіндігін түсінбейді. Кеңес: Баланың көзінше пікіріңізді сыртқа шығарудың қажеті жоқ. Аса қауіп төндіретіндей жағдай болмаса, ішіңізде сақтаңыз. Досының ата-анасының жағдай баланы алаңдатпауы тиіс. БОНУС: Баламен қай тақырыптарда әңгімелескен дұрыс?
- Өзіңіз жайлы әңгіме:
Балаңыз сізден ақша беруші мен бақылаушыны емес, жеке тұлға ретінде тануы тиіс;
- Оқиғалар айтыңыз:
Бастан өткен оқиғаларыңызды немесе таныстарыңыз оқиғалары жайлы әңгімелеңіз. Бала қызық оқиға тыңдаумен қатар, өмір туралы сабақтар да алыр отырады.
- Өзіңізбен тең көріңіз:
Балаңыз өзін сенімді сезінуі үшін оны қатарласыңыз секілді қабылдаңыз;
- Эмоция қосыңыз:
Балаңыздың эмоциямен сөйлеңіз. Бір қаоыпты әңгімден гөрі, түрлі көңіл-күйде әңгіме айту балаңызға ұнайды;
- Пікірін сұраңыз:
Сіздің ғана емес балаңыздың да пікірі бар екендігін ұмытпаңыз. Баладан өзінің пікірінің сұрағанда – өзін маңызды екендігін сезінеді; Балаңызға қалай қарасаңыз, сіз қартайғанда ол да сізге солай қарайтын болады. Қателікке бой алдырмауға тырысыңыз. Ал, сіз баламен тіл табысуға көмектесетін қандай әрекеттерді білесіз?