Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев #МенОяндым акциясына қатысты ойы мен пікірін айтты (видео)

Тоқаев #МенОяндым акциясына қатысты ойы мен пікірін айтты (видео)
ашық дереккөз
Президент: Креативті жастарға тиістісін беру керек
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар ұйымдастырған әлеуметтік желідегі #менояндым қозғалысына қатысты өз ойын айтты.  Тоқаевтың «Euronews» агенттігіне берген сұхбатының үзіндісі президент Телерадиокешенінің ресми Instagram парақшасына да жүктелді, деп жазды KYN.KZ.
Президенттің сөзінше, қозғалысты еліміздің креативті жастары ұйымдастырған.
"Мен #оянқазақстан немесе #менояндым хэштегімен шыққан жастарды жоққа шығармаймын. Бұл қозғалысты негізінде креативті жастар ұйымдастырды.

Олардың алға тартып отырған идеялары көбіне креативті әрі заманауи. Оны мойындау керек.

Менің саясатымның мүддесі - жастарды саясатқа, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге тарту" , - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жастардың мәселесін дөңгелек үстел үстінде талқылауға болады деген үмітін білдірді.

"Жаңа ғана мен қоғамдық сенім ұлттық комитетін айтып өттім. Әрине, бұл қозғалыстардың өкілдері кездесуге тартылады.

Алайда, бұл мәселелерді талқылау үшін көшедегі ереуіл жағдайында емес, кәдімгідей дөңгелек үстел үстінде кездеспекпіз.

Біздің қоғамымызда мүмкін шынымен де бар маңызды әрі өткір проблемаларды шешуге тек қана диалог көмектесе алады " , - деді президент.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар