Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жын шайтанның бір түрі: Зең (плесень) басқан бөлме қабырғасы, заттар, жемістер адамды айықпас дертке душар етеді

Жын шайтанның бір түрі: Зең (плесень) басқан бөлме қабырғасы, заттар, жемістер адамды айықпас дертке душар етеді
ашық дереккөз
Ғалымдар қарайып көгерген заттарды қалай тазарту керектігін, олар адам ағзасына қалай әсер ететінін түсіндіріп берді
Ылғалды бөлмелердің қабырғаларынан (жуыну бөлмесі,ас бөлмесі)  қара зеңдерді жиі байқауға болады. Сонымен қатар, бұл бактериялар - кондиционер мен кір жуғыш машиналарда да жиі пайда болады, деп жазды KYN.KZ. Зең әсіресе қарттар мен балаларға, организмдері әлсіз аурушаң адамдарға өте зиянды. Зеңнің зияны - нерв жүйесінің бұзылып, психологиялық ауытқуға шалдықтырады, ал асқынып кетсе галлюцинацияға дейін апарып соқтырады. Осылайша, ғалымдар «елестер» мекендейтін үйлердің ауасын зерттеп, зең мен елестердің байланысы барын анықтады.  Тамақтарда пайда болатын зең  Соғылған жемістер мен тұрып қалған крахмалды тағамдарда пайда болатын зеңдер температура талғамайды. Ондай тағамдардың бұзылған шетін кесіп тастап тұтынсаңыз да, иммунитеті нашар адамдарға зияны өте көп екендігін ұмытпаңыз. Киімдерде өмір сүретін зеңдер Бетонға қарағанда, ағаштан жасалған заттарда жылдамырақ тарайды.  Үйдегі сіз ойламаған заттар да  кездесуі мүмкін: кір жаятын жіп, кітаптар. Бұлардың таралуына жол бермес үшін – бұзылған заттарды лақтырып жібергендігіңіз жөн. Зең қай жерлерді жиі мекендейді?
  • Пластик терезер мен есіктер
  • Гипсокартон
  • Канализациялар мен су құбырлары
  • Соғылып, бүлінген азық-түліктер 
Одан құтылу үшін істеу керек? Үйіңізде зең басқанын байқасаңыз организміңізді қинамай, бүлінген заттарды тастап немесе бірден арнайы сұйықтықтармен тазалау керек. Кір жуатын ұнтақ пен сабын зеңнен құтылуыңызға көмектесе алмайды. Қауіпсіздік шарасын да ұсытпаңыз: 
  • Үй тазартқанда, арнайы қолғап пен көзілдірік тағыңыз;
  • Қажетсіз заттардың бәрін шығарып, ал қалғандарына тарамас үшін сырттарын пакектпен орап қойыңыз; 
  • Вентилятор қоспаңыз, әйтпесе жел арқылы жаңа жерлерге тарап кетуі ықтимал;
  • Үй жинап болған соң, қолданған шүберек, қолғаптапдан бірден құтылыңыз. 
  • Бөлмедегі ауаны жиі тазартып тұрыңыз 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар