Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда өртенген жатақханада тұрған 20 отбасы ас-ауқатсыз мектепте жатыр

Алматыда өртенген жатақханада тұрған 20 отбасы ас-ауқатсыз мектепте жатыр
ашық дереккөз
Тұрғындар өртсөндірушілердің үй жанып біткенде бір-ақ кешігіп, оған қоса сусыз келгеніне наразы
Алматыда 20 отбасы тұратын жатақхана өртеніп кетті. Тілсіз жау 270 шаршы метрді шарпып, екінші қабат тұтастай жанып кеткен. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп жазды  KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып. есе де бір сәтте бар дүние мүлкінен айырылып далада қалған жұрт уақытша мектеп спорт залына орналасты. Ал жатақхана қожайыны әр отбасының шығынын шамам жеткенше төлеп беремін деп отыр. Қызыл жалын кешкі сағат 6-да жатақхананың шатырында тұтанып, әп-сәтте қарқын алған. Лаулап жанған отты көрген тұрғындар абдырап, бала-шағасымен жапа-тармағай далаға жүгіріпті. Бір ажалдан аман қалған жұрт дүние-мүлік түгілі құжаттарымызды да алып шыға алмадық деп налиды. Бірақ тірі қалғандарына шүкір етіп отыр. "Апам  баламды қарап отырған. Оларда жүгіріп шыққан. Соған қуандым. Бәрі жанып кетті. Құжаттың барлығы ішінде қалды. Дым қалмады. Бала-шағамызбен далада қалдық",- дейді  Алматы қаласының тұрғыны  Сырым Бекжанов. Алапат өрттің кесірінен 20 отбасы кімнен көмек сұрарын білмей, дала кезіп жүр. Көбісі жатақхананы жалдап тұрып келген. Тұрғындар өрт сөндірушілер жақын жерде орналасса да, 40 минутта әрең жетті деп ашынады. "Өрт сөндірушілер 20 минут ерте келгенде мұндай шығын болмас еді. Тура мына жерде тұр. Бірақ құтқарушылар басқа жақтан келді. Сулары да жоқ. Жұмыстарына немқұрайлы қарайды. Ал біз дүние-мүлікті несиеге алдық. Бәрінің бала-шағасы бар. Жандары ашымайды",- дейді қала тұрғыны Айша Дәуіт. Тілсіз жау 270 шаршы метрді шарпыған. Құтқарушылар өртті жарты сағатта әрең дегенде ауыздықтады. Олар қызыл жалынды өшіруге бірнеше газ балонынан шыққан ақау бөгет болғанын айтады. "Ең бастысы, ел-жұрт аман, жұрт тыныш. Аяқ-қолдары бүтін. Барлығы далада қалды. Түнде өртенбегеніне шүкіршілік. Мүмкіндігімізге қарай көмектесеміз",- дейді жатақхана қожайыны Гүлбахар Есенова. Тұрғындардың айтуынша, жалынға оранған жатақханаға әкімдік өкілдері де келіп, көмек қолын созыпты. Халықты тамақтандырып, мектептің спорт залына уақытша паналатқан. Қазір сараптама тағайындалып, тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар