Басты жаңалықтар
Ен далада әйелді зорлап, қашып кеткен жігіт ұсталды
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2019
- 904
Күдікті ешқайда кетпеу жайлы қолхат беріп, бір жыл бойы жайлауда тығылып өмір сүрген
Алматы облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген 31 жастағы жігіт шалғайдағы жайлаудан табылды, деп хабарлайды KYN.KZ полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген. Ер адамға Сарқан қаласында 35 жастағы келіншекті зорлады деген айып тағылыпты. Жәбірленуші әйел полицияға арыз берсе керек.
"Сотқа дейінгі тергеулер кезінде қолхат жазып берген күдікті қашып кетті. Жақында оның шалғайдағы жайлауда жасырынып жүргені анықталды. Кеше ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген", - деп Алматы облысының полиция департаменті мәлімет берді.
Қазір тергеу материалы сотқа жіберіліпті, үкім шыққанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады.