Басты жаңалықтар
Абай Бегей үлкен қызымен кездесіп, немересін көргенін,тұңғышымен татуласқандарын айтты
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2019
- 259
Әнші: Жаратушы мейірімділігімізден айырмасын
Танымал әнші Абай Бегей тұңғышымен татуласып, араласа бастағанын айтты. Әнші тұңғыш немересін көріп, мейірімі арта түскенін байқаған.
Ол желідегі парақшасына қызымен кездескен суретті жүктеп, жағымды көңіл-күйде екенін жеткізді.
"Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүрері анық. Жаратушымыз жүректерімізді иман нұрымен нұрландырып, бір бірлерімізге деген татулық, мейрімділігімізден айырмасын",- дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram@zhalgasss07 братишка!Тагы да мектеп битируинмен куттыктаймын!😘❤️✊🏻 #graduate2019🎓
Публикация от ⚜️Е Р К Е⚜️ (@niyazkulova96)
Әншінің қызы анасы өмірден қайтқаннан кейін әкесінің үйленуіне қарсы болған. Тіпті әкесі үйленген кезде тойына бармай, мүлде байланысты үзген еді. Өткен Оразада Еркенің өзі "Әкемді кешірдім" деп жазып желідегі халықтың алғысын алған еді