Әнші Кенжебек түрлі емнен кейін сөйлей бастаған ұлына қолдау көрсеткен халыққа алғысын айтты (видео)
Әншінің шетелде тұратын тыңдарманы ұлын Өзбекстанға алып барса емдетіп бере алатынын айтты
Танымал әнші Кенжебек Жанәбіловтың тұңғышы Ахмет қазір өз ойын жеткізе алатын деңгейде. Бұрындары Ахметтің сөйлеуі кешеуілдеп, әнші ұлын талай жерде емдеткен еді. Табиғат аясында отбасымен демалып жүрген әнші Ахметтің айналасындағы тауға қарап, өз елесіндегі дүниелерді көріп, баяндаған видеосын жүктеді, деп жазды KYN.KZ. Видеоны тамашалаған көпшілік баланың қиялына қызыға қарап, әнші мен оның отбасына жақсы тілектерін жаза кеткен. Тыңдармандар арасында Өзбекстанда тұратын кісі "Ұлыңызды алып Өзбекстанға келсеңіз өзім емдетіп беретін едім. Бізде жақсы мамандар көп" деп ұсыныс тастаған. Жанәбіловтер отбасын бұрыннан білетіндер Ахметтің сөйлеуі жақсара түскенін айтқан. "Алаңдамаңыз, балаңыз сайрап кетеді.", "Балаңыздың тек жақсылығын көріңіз", "Ұлыңыз қандай сүйкімді, қиялы қандай, үлкен азамат болсын" деген сынды тілектер көп болды. "Менің ұлымды уайымдап тілекші болып жатқан жүректеріңізден айналдым. Бізге тілеген жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың есе болып қайтсын.Бәрі Алланың қолында! Біз сіздерді жақсы көреміз!",- деп жауап жазды әнші.