Ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлама "Родина" өндіріс кооперативінің агрономынан келіп түскен. Апатқа ұшыраған арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды.
Анықталғандай, әуе кемесінің командирі оқиға орнында қаза тапқан. Екінші ұшқыш пен техник-көмекші ауруханаға жеткізілді.
Апатты жағдай туралы мәлімет әзірге осы. Оқиға орнында полиция мен басқа да қызметтер жұмыс істеп жатыр. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.
Ұшақ елордалық фирмаға тиесілі болып шықты.