Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл талапкерлер ҰБТ нәтижесін үйде отырып біле алады

Биыл талапкерлер ҰБТ нәтижесін үйде отырып біле алады
ашық дереккөз
Бүгін Қазақстан бойынша ҰБТ тапсырудың алғашқы күні
Бүгін 20 маусымда Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижелерін қайдан көруге болатынын мәлімдеді деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасағн KYN.KZ

Хабарламада биылғы жылы жалпы саны - 117 242 жас ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргендері, олардың ішінде 96 380 түлек ҰБТ тапсыратыны туралы ресми ақпарат бар.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында биылғы жылдың ҰБТ нәтижелерін қайдан көруге болатыны жазылған.

Осылайша түлектер тест нәтижесін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайты және ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты – www.testcenter.kz біле алады.

"Ал қандай да бір заң бұзушылық орын алса, +7 (7172) 69-50-87 телефон номеріне немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз" деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, ата-аналар мен түлектер сауалдарына жауап беру үшін, тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар