Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде еріктілер күндізгі уақытта арбадағы азаматты ұрлап кетпек болған жігіттермен төбелесті

Ақтөбеде еріктілер күндізгі уақытта арбадағы азаматты ұрлап кетпек болған жігіттермен төбелесті
ашық дереккөз
Көпшілік кемтар жанды арбасымен сүйреп көлікке тыққан азаматтарды "мүгедектігін бизнес көзіне айналдырмақ" деп болжады
Ақтөбеде арбада отырған мүгедекті белгісіз біреулер еріксіз алып кетпек болған. Оны көрген сол маңдағы жігіттер көмекке келіп, арты төбелеске ұласты. Қаланың қақ ортасында жұдырықтасқандарды қазір тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ақ көлік мінген жігіттер көшеде қайыр сұрап отырған қартты сүйрей жөнеледі. Үй-күйі жоқ мүгедек осы маңда үнемі тіленші болып отырады екен. Оны не үшін алып қашпақ болғаны әзірге белгісіз. Қайыр сұратып, түскен пайданы өздері иемденбек болған деген де болжам бар. "Болған оқиға бойынша такси жүргізуші анықталды. Одан түсініктеме алынды. Қазіргі таңда қалған осы оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде. Олар анықталып, ұсталғаннан кейін нақты хабарлама бере аламыз"- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Админ Салам алейкум я один из этих парней которые защитили старика инвалида я шел мимо Нурдаулета и вижу как несколько людей пихают старика в машину и вижу картину как один бежит помочь я за ним начали помагать ему нас было двое все стояли и снимали смотрели кто чё хочет пусть говорит мы этих Шакалов Помогли Деду пожалуйста опубликуй не какой бизнес не чё личного как человек помог возможно завтра кто то будет вот так забирать детей или воровать женщин я как МУЖЧИНА не мог смотреть а тот парниша который рядом слов нету пожалуйста опубликуй

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар