Ақтөбеде еріктілер күндізгі уақытта арбадағы азаматты ұрлап кетпек болған жігіттермен төбелесті
Көпшілік кемтар жанды арбасымен сүйреп көлікке тыққан азаматтарды "мүгедектігін бизнес көзіне айналдырмақ" деп болжады
Ақтөбеде арбада отырған мүгедекті белгісіз біреулер еріксіз алып кетпек болған. Оны көрген сол маңдағы жігіттер көмекке келіп, арты төбелеске ұласты. Қаланың қақ ортасында жұдырықтасқандарды қазір тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ақ көлік мінген жігіттер көшеде қайыр сұрап отырған қартты сүйрей жөнеледі. Үй-күйі жоқ мүгедек осы маңда үнемі тіленші болып отырады екен. Оны не үшін алып қашпақ болғаны әзірге белгісіз. Қайыр сұратып, түскен пайданы өздері иемденбек болған деген де болжам бар. "Болған оқиға бойынша такси жүргізуші анықталды. Одан түсініктеме алынды. Қазіргі таңда қалған осы оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде. Олар анықталып, ұсталғаннан кейін нақты хабарлама бере аламыз"- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов