Басты жаңалықтар

Дұрыс бұрысын сіз айтыңыз: Әйелдерге арналған тренингтердің 5 пайдасы мен 5 зияны

Әйелдер тренингіне бірнеше рет қатысып, зерттеу жүргізген келіншек "Бақытты болу" жолындағы қателіктерді атады

Әйелдерге арналған тренингтердің танымалдығы күннен-күнге артып жатыр. Тренинг қатысушыларға тренерлер: жетістікке жеткен әйелдердің құпиялары жайлы әңгімелеп, күйеуінен миллионер жасап, өз энергетикасын көтеру сырлары туралы үйретуге уәде береді. Бұл сабақтар, қатысушылардың бір бөлігіне шынымен көмектесіп, пайдасын тигізсе,  қалғандарының ақшалары мен уақыттарын босқа желге ұшырып жатыр. Тіпті кейде отбасылық жағдайды ушықтырып ерлі- зайыптылардың ажырасуына дейін жеткізеді. Осы орайда KYN.KZ  назарларыңызға бірнеше тренингке қатысып, оның бес пайдасы мен бес зияны барын анықтаған келіншектің зерттеуін ұсынады. Мен қандай мақсатпен тренинке бардым? Алдыңғы жылы, қызық көріп, құрбыммен бірге алғаш рет тренингке қатыстым. Бір шетінен, бұл жағдай 3 жыл жүрген жігітім екеуміздің де арамызды одан әрі жақсартуға өз пайдасын тигізер деп те ойладым. Әйелдерді дамыту орталықтары – қыз-келіншектерге бақытты болуға көмектесіп, отбасын сақтап, жігітімен ара-қатынасын реттеуге көмектесуді мақсат етеді. Бір сабақтан кейін, жеңілдік арқылы «тиімді» бағада 3 тренингті – 4500 руб ( 26 550тг) сатып алдым. Барлық жағдайды ескере келе, әйелдерге тренингтерінің қажетті және қажетсіз тұстарына анализ жасадым. 1. артықшылық: Өз-өзіңе назар бөлуге көмектеседі Тренинг уақытында – барлық мәселелерің мен жұмыстарды ұмытып, бар назарыңды тек өзіңе, армандарың мен қажеттіліктеріңе аударасың. Әдетте, әйел мұндай маңызды жағдайларға уақыт таба бермейді. Ойында – отбасы мен бала-шағасы, жұмысы мен үйі тұрып, өзі екінші орынға қалып қояды. Мен бұны жарты сағаттан кейін байқадым. Себебі құрбым екеуміз басқа мәселелердің бәрін ұмтытып, оның орнына, тренингтегі кеңестер мен ондағы мысалдардың қызықты оқиғалары туралы әңгімелеп кеттік. Біз барлық дүниені ұмытып, бақытты көңіл-күйде болдық. 2. артықшылық: Өз дәрежеңді көтеру Тренер берген жаңа білім мен кеңестер – өз-өзіңе деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Тренингтен шыққан соң, бұған дейін сыбдырлап айттып, ұялатын тақырыптарда еркін әңгіме қозғай аласың. Әрине, өз дәрежеңді бірден көтеру мәселелері сол жерде шешілмесе де, өз мүдделеріңді қорғап, жаңа ара-қатынас құруға деген үмітің артады. Өз-өзіңді ұстауың мен ішкі жағдайыңда едеуір өзгерістер орын алады. Трениг басталғанда, залдағы атмосфера  солыңқы болады: қыздар аяқ-қолдарын айқастырып, қысылып-қымтырылып отырады. Тренердің: «Ерлердің ең танымал 5 қиялын» атап берулерін өтінгенде, алғашқыда бәрі үндемей отырады. Араларындағы пысықтау әйелдің жауабынан кейін, аудитоия ояна бастайды. Сабақ аяқталған соң бәрі бір-бірлерімен еркін араласып, күліп-ойнап үйлеріне қайтады. 3. артықшылық: Әйелдердің бір-бірін қолдауы Тренинг қатысушыларын бір мақсат біріктіреді – бақытты болу. Олар өз әңгімелерін айту барысында өздерінің жағдай ұқсастықтарын байқап, бір-бірлерін түсініп, қолдау көрсете бастайды. Мен де, өз оқиғамды айта бастағанда, біршама әйелдер қолдай кетіп, өздерініңде бұндай жағдайға бірнеше рет түскендерін жасырып қалмады. Егер тренингке барар алдында өзіңізді жиі қолайсыз сезінетін болсаңыз, тренингтен кейін, әйелдерден қолдау тауып, күш-қуаттанып қайтасыз. 4. артықшылық: Кеңестерді іс-жүзінде орындай аласың Интернеттен өзімізді қызықтырған мәліметтерді тек оқи аламыз. Ал тренингке қатысудың, ғаламтордан ақпарат алуға қарағанда маңызды 3 ерекшелігі бар:  1.Тәжірбиелі тренерге жолықсаңыз, 3 сағат ішінде маңызды ақпараттарды еш қоспасыз, шынайы түрде ала аласыp; 2. Aйтылған кеңестерді біреудің бақылауымен іс-жүзінде де орындай аласыз; 3. Көкейде пайда болған сұрақтарыңды қойып, бірден жауап ала аласың. 5. Артықшылық: Мотивация береді Тренингтен алған жаңа білімдерің ішіңе сыймай, энегияңды еселеп жіберді. Көптен бері шеше алмаған мәселелеріңді шешудің жолын тауып, бір жігерленіп қаласың. Ара-қатынасыңды реттеуге тырысасың, ақша табудың жаңа жолдары табылады, қысқасы өмірің оңайлады. Бастысы, қиялға ерік беріп, сиқырлы таяқшаны күтпей, әрдайым әрекет ету. Тренингтен шыққан соң, айналаңа көз жүгіртіп, көптеген өзгерістерді байқайсың. Естіген кеңестерін бір-бірімен талқылап, жаңа қырларын ашуға ниеттеніп, қандай курстан бастайтындықтарын сөз еткен әйелдерді кездестіресің. 1. кемшілік: «Келесі тренингке келмесең – бақытсыз болып қаласың» Барлық тренинг бір бөліммен аяқталмайды, жалғасы көп. Ал, алғашқысына қатысып, келесі "сабаққа" қатыспасаң «қажеті» дүниелерден шет қалып, «бақыттың кілтін таппай» қалатындай сезінулеріне әсер етеді. Келесі курсты сатып алмасаң, бір нәрседен құр қалғандай сезінесің. Бастысы, айтылған жеңілдіктерге алданбай, асықпай ойланып алғаныңыз жөн. Сізге қалған бөлімдері шынымен қажетті ме әлде осы білімнің өзі жеткілікті ме екендігін шешіп алыңыз. 2. Кемшілік: Тез өшу Бір күндік тренинг орта есеппен 3 сағатқа созылады. Бұл сағаттар мотивация алып, шабыттануға жеткілікті. Алайда, түйсігіңізді бірден өзгерту қиындау. Практика көрсеткендей, әйелдердің жартысы тренингтен қайтар жолда қалыпты күйіне бірден түсіп қалады екен. Тренерлер де бұл тенденцияны растап, тренингтерге сол себепті жиі қатысуларын ұсынады. 3. кемшілік: Жасанды атмосфера мен жалданған адамдар. «Қыздар, тренингке қатысқандарыңыз болса қол көтеріңіздерші», - деп бастайды тренер. Қолдар көтеріліп, жалданған «бақытты» адамдар жаттанды мәтіндегі оқиғаларымен бөліседі. Бұның шынайы немесе әзіл екендігін өзің де ажырата алмай қаласың. Бұндай қойылымдардан кейін, тегін сабаққа қатысуға қорқып қаласың: ақы ретінде жаттанды мәтінді жаңа аудиторияға өзің де оқып беруің мүмкін. Жаттанды мәтінді оқыған арулардың сөзінен сектаға түсіп кеткендей күй кешіп, бұндай атмосферадан арасында жүрегің де айниды. 4. кемшілік: Отағасына манипуляция жасау Біз,әйелдер – қулығымыз бен сұлулығымыздың арқасында көптеген нәрсеге қол жеткізе аламыз. Гүл алу үшін – дәмді кеш ас жаса, ренжітсе – басқа бөлмеге ұйықта, көңілі суыса – қызғанышын оят. Манипуляция мен махаббат керағар ұғымдар:  бірі өзімшілдіктің туын көтерсе бірі кешірімділіктің белгісі. Тренердің жігітінен кек алу мақсатында көлігін өртеген әңгімесне құрбымыз екеуміздің аузымыз ашылмасқа амал қалмады. Тіпті : «көлікті өртеңдер, бәрін құртыңдар, беттерінді қайтарушы болмаңдар, себебі сендер мықтысыңдар!» - деп бізді де қайрап қойды. 5. кемшілік: әдеттегі кеңестер «Күйеуің миллионер болғанын қаласаң, жазып ал: дәмді ас әзірле, массаж жаса, оны жиі мақтайды ...». Әрине бұл жақсы, күйеуің бақытты болады, бірақ осыдан кейін расымен миллионер болып кетуіне кепіл жоқ. Араға уақыт салып нәтиже талап еткен әйелдің. дәл осы "өнерін" өзгеге қолданып көру ойы оянары анық. Тренингтен кейін не өзгерді? Тренингтен өзім іздеген жаңа білім алдым. Әр кез өз-өзіңе қарап, жан-жақты даму керектігіне тағы да көзім жетті. Не махаббатың, не карьераның соңынан кетпей, екеуін бірдей алып жүруді үйрендім. Сабақтардан соң, көңіл-күйім көтеріліп, нәзіктене түстім: бұл екінші жартыммен де арамды жақындатты. «Техниканы білсең – патшайымсың, аяқпен тай массажын жасай алмасаң – күйеуің сенен жалығып, басқаға кетіп қалады»-деген сөздер сандырақ. Бұл махаббат емес жай ғана еркекті жібермеудің бір тәсілі Айтыңыздаршы, әйелдерге тренингтер қаншалықты қажетті? Пайдасы мол ма әлде зиян ма?  Өз пікіріңізді жаза кетіңіз