Басты жаңалықтар
Трендтегінің бәрі пайдалы емес: өз білгеніңмен дәрумен қабылдап, спортпен айналысудың өзі аса зиян
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2019
- 386
Әдемі, мағыналы, ұзақ өмір сүргіңіз келсе елдің айтқанымен емес, маманның кеңесімен әрекет етіңіз
Кейде желідегі трендтің соңына түсіп, өз денсаулығымызды екінші орынға қоятынымыз жасырын емес. Соның салдарынан келеңсіз жағадайларға ұрынып жатамыз.
Бұның барлығына себепкер – маркетологтар. Себебі, олар арық адамдар қашан да трендте деп ұрандатып, көпшіліктің ойына осы дүниені барынша тоқуға тырысады. KYN.KZ қарапайым адамдар пайдасынан зияны көп заттарды сәнді деп адасып пайдаланатын бірнеше жағдайды ұсынады. Интенсивті жаттығулар. Rutgers-тің тұжырымдамасына сенсек, тез қалыпқа келгісі келіп, қарқынды жаттығу жасайтын жандардың көбісінің тізелері мен иықтары қақсайды екен. Жақсы нәтижеге көз жеткізу үшін алдымен жақсы дайындық болуы шарт. Ал егер сіз, жаңадан бастағалы жатырсаңыз, бұл әдіс мүлде сізге арналмаған болуы әбден мүмкін. Алдымен жаттықтырушы, инструктордан кеңес алып, содан кейін барып сымбатыңызды жақсартуға кіріскеніңіз жөн. Электронды шылым (IQOS) Күннен күнге танымалдылыққа ие болып келе жатырған бұл шылым түрін, көпшілік қауым қарапайым шылымнан әлдеқайда зиянсыз деп ойлайды. Олардың ойынша, ІQOS шылымның құрамындағы никотин мен химикаттарды залалсыздандырады деген қате түсінік бар. Электронды бұл құрылғы, керісінше зиянын одан әрі күшейтеді. Зерттеулерді қортындылай келе, қарапайым темекі мен IQOS-тің зияны бірдей-ақ. Егер келешекте қатерлі ісік пен түрлі ауруларға шалдыққыңыз келмесе, осы бастан қойған жөн. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрумендер қабылдау. Қадағалаусыз қабылдаған дәрумендер кері әсерін беріп, пайданың орнына зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, С дәруменін шамадан тыс қабылдау, организмде тас пайда болуына әкеледі. Егер, бойыңызда әлсіздікті сезінсеңіз, бірінші кезекте диетолог маманға жүгініңіз. Маманның арнайы сіз үшін дайындайтын мәзірін қолданғаныңыз анағұрлым пайдалы.