Төреғалидың тыңдарманы елдің көзінше :Төреш не істесе де жарасады, мен оны жақсы көріп өтемін
Төреғалидың тыңдарманы оны сынаған халықпен сөзге келіп, әншіге бір көргеннен ғашық болғанын айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәліге сырттай ғашық қыз оны өмір бойы жақсы көріп өтетінін айтты. Бойжеткеннің пікіріне қайран қалғандар мен оны әжуаға айналдырғандар да аз емес, деп жазды KYN.KZ. "Ел не десе, ол десін. Мен Төрешті ең алғаш көргенде ұнатқанмын. Не десе де, не істесе де жақсы көріп өтемін Ярый фанаты болмасам да, өзімше жақсы көремін",-деп жазды Зарина есімді қыз. Өз сезімін білдірген бойжеткеннің әрекетін күлкіге айналдырғандар түрлі пікірлерін қалдырып жатты. Төреғалиға сырттай ғашық жан оны сынаған, жаман пікірлер жазған халыққа ашуланған сияқты. Себебі, көпшілік видеода жөтеліп сөйлеп отырған әншінің сақалына тиіскен еді. Бірі "мәдениетті отырыуға болмайды ма? миллион адамға қарап жөтеліп, аунап отырған жерден видео жүктейсіз" деген. Тағы бір оқырманы "Сақалыңызды алып, түріңізді ретке келтіріңізші" деп өтінген.
Сырттай ғашық болу оқиғасы кезінде Қайрат Нұртастың да басынан өткен еді. Облыстардың бірінде тұратын жас қыз Қайрат өзіне қарамаса өлетінін айтқан. Тіпті әншінің анасына түнде хабарласып секіргелі тұрғанын айтыпты.