Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның алтынды кенін Қытайға заңсыз тасығандар ұсталды

Қазақстанның алтынды кенін Қытайға заңсыз тасығандар ұсталды
ашық дереккөз
Қылмыстық топтың құрамында Қазақстан мен Қытай азаматтары болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға құрамында алтын бар кенді контрабандалық жолмен шығарып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Күдіктілер алтынды кенді Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орынынан заңсыз өндірген. "Шикізатты зерттеп, қайта өңдеуге арналған жасырын зертханалар жойылды", - делінген хабарламада. Құрамында алтыны жоғары (тоннасына 1 килограмға дейін) кен әртүрлі минерал (кварцит, пирит және тағы басқа) ретінде жалған құжатпен Қазақстаннан шығарылған. Қылмыскерлер ай сайын шамамен 100 тонна алтынды шикізатты шетел асырған.

"ҰҚК жүргізген арнайы операция барысында трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелері ұсталды. Олар 250 миллион теңге тұратын 106 тоннадан астам контрабандалық жүктің кезекті партиясын – екі вагон алтынды кенді шығару кезінде қылмыс үстінде қолға түсті", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

20 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлық 12 айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодесінің 234 (экономикалық контрабанда) және 264 (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру, оларға басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) баптары бойынша кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға соттады. Трансұлттық ұйымдасқан топтың бір мүшесі сот үкімін күтіп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар