Бір айлық баланың психологиялық, физикалық дамуы мен орташа есептегі бойы, салмағы
Бір айда бала бойында айтарлықтай өзгерістер болады. Ол мына әлемге бейімделіп, айналасындағы дүниелерге үйреніп қалады
Бір айдың өзңнде нәресете айтарлықтай өсіп, физикалық тұрғыдан ширап қалған кез. Күнделікті массаж баланың бұлшық етіне, нерв талшықтарына жалпы дамуна зор әсер етеді. KYN.KZ сайты назарларыңызға бір айлық баланың физикалық, психологиялық даму номрасы мен мүшелерінің орташа өлшемін ұсынады. 1 айлық сәби қоршаған ортаға, ал ата-анасы перзентіне бейімделе бастайды. Сол үшін, алғашқы ай сәби үшін өте маңызды: ата-ана баласына жиі көрініп (визуалды қатынас), бауырына басып, қамқорлық таныту керек. 1 айлық сәбидің бойы мен салмақ стандарты
1 айлық | мин | макс |
Салмақ (ұл), кг | 3,6 | 5,1 |
Салмақ (қыз), кг | 3,6 | 4,7 |
Бой (ұл), см | 51,2 | 56,5 |
Бой (қыз), см | 50,3 | 56,1 |
Бас өлшемі (ұл), см | 35,5 | 39,1 |
Бас өлшемі (қыз), см | 35,0 | 38,1 |
Кеуде (ұл), см | 34,1 | 38,9 |
Бір айдан бастап, нәресте басын ұстай алуды үйрене бастайды. Емізу - баланың қажеттілігіне қарай әр түрлі болады. 1-1,5 сағат сайын емшек еміп немесе бірнеше сағаттарға дейін іздемеуі мүмкін. Алайда барлық сәби түнгі уақытта міндетті түрде емізуді қажет етеді. Сәби ұйқысын анасының ұйқысымен дұрыс қалыптасыру – оған дұрыс тынығып, қорғанышта болуға көмектеседі. Зәр шығару: Ояу кезде 10-15 минут сайын зәр шығаруы мүмкін. Нәресте, кем дегенде күніне 6 рет зәр шығаруы тиіс. Оның түсі ашық немесе түссіз болады. Ішекті босату, үлкен дәрет: Емізу кезінде немесе емізіп болған соң тәулігіне 12 ретке дейін орын алады. Түсі сарғыш және жағымсыз иіссіз болады.