Екі айлық бала жақындарын танып, көңіл-күйінен ақпарат беріп, уілдей бастайды.
2 айлық нәресте жаңа туған нәрестеден визуалды түрде 2-3 метрге дейін артық көреді. Алғашқы бір айлығында адамдарға қараса, екінші айында адамдардың жүздеріне қарап күле бастайды. Ол аяқ-қолын басқаруды үйренеді, десе де физикалық тұрғыдан, эмоцианалды болып келеді.KYN.KZ сайты назарларыңызға екі айлық баланың дамуындағы ерекшеліктер мен орташа есептегі салмақ пен бой өлшемін ұсынады.2 айлық нәрестенеің бой мен салмақ стандарты. Ресейлік дәрігерлердің тұжырымы бойынша.
2 ай
мин
макс
Салмақ (ұл), кг
4,2
6,0
Салмақ (қыз), кг
4,2
5,5
Бой (ұл), см
53,8
59,4
Бой (қыз), см
53,3
59,3
Бас өлшемі (ұл), см
37,4
41,0
Бас өлшемі (қыз), см
36,7
39,8
Кеуде (ұл), см
35,7
40,8
Кеуде (қыз), см
35,6
39,9
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 2 айлық баланың өлшемдері
2 ай
минималды
максималды
Ұлдың салмағы
4,3
7,1
қыздың салмағы
3,9
6,6
ұлдың бойы
54,4
62,4
қыздың бойы
53,0
61,1
ұлдың бас өлшемі
36,8
41,5
қыздың бас өлшемі
35,8
40,7
2 айлық нәрестені тамақтандыруЕмшекпен емізу:Емізу - баланың қажеттілігене,сұранысына қарай жүзеге асады. Ең көп дегенде 1 сағатта 4 рет (сұрауы бойынша) немесе максимум 40 минут – 2,5 сағат арасында емізу керек. Ал түнге болғанда,ұйықтар алдынада немесе оянғанда емізуді қажетсініп,немесе бұл процесс 3-8 сағат арасында орын алады. Зәр шығару: Әдеттегідей жиі орын алады. Кейде ұйықтар алдында құрғақ ұйықтап, оянғанда зәр шығару сигналын анасына жіберуі мүмкін. Күніне ең көбі 5-8 ретке дейін үлкен дәрет шығарады. Ұйқы: Сәби 2 айдан бастап аз ұйықтай бастайды. 1 күнде 5 ұйықтау режимі қалыптасады:1-3 сағаттық екі ұзақ ұйқы және 10-30 минуттық үш қысқа ұйқы. Түнгі ұйқысы 10-12 сағатқа дейін жалғасады(оянғанда арасында емізіп тұруыңыз қажет).