Екі айлық баланың даму деңгейі:бойы мен салмаға, сәбидің жаңа қылықтары
Екі айлық бала жақындарын танып, көңіл-күйінен ақпарат беріп, уілдей бастайды.
2 айлық нәресте жаңа туған нәрестеден визуалды түрде 2-3 метрге дейін артық көреді. Алғашқы бір айлығында адамдарға қараса, екінші айында адамдардың жүздеріне қарап күле бастайды. Ол аяқ-қолын басқаруды үйренеді, десе де физикалық тұрғыдан, эмоцианалды болып келеді. KYN.KZ сайты назарларыңызға екі айлық баланың дамуындағы ерекшеліктер мен орташа есептегі салмақ пен бой өлшемін ұсынады. 2 айлық нәрестенеің бой мен салмақ стандарты. Ресейлік дәрігерлердің тұжырымы бойынша.
| 2 ай | мин | макс |
| Салмақ (ұл), кг | 4,2 | 6,0 |
| Салмақ (қыз), кг | 4,2 | 5,5 |
| Бой (ұл), см | 53,8 | 59,4 |
| Бой (қыз), см | 53,3 | 59,3 |
| Бас өлшемі (ұл), см | 37,4 | 41,0 |
| Бас өлшемі (қыз), см | 36,7 | 39,8 |
| Кеуде (ұл), см | 35,7 | 40,8 |
| Кеуде (қыз), см | 35,6 | 39,9 |
| 2 ай | минималды | максималды |
| Ұлдың салмағы | 4,3 | 7,1 |
| қыздың салмағы | 3,9 | 6,6 |
| ұлдың бойы | 54,4 | 62,4 |
| қыздың бойы | 53,0 | 61,1 |
| ұлдың бас өлшемі | 36,8 | 41,5 |
| қыздың бас өлшемі | 35,8 | 40,7 |
Емізу - баланың қажеттілігене,сұранысына қарай жүзеге асады. Ең көп дегенде 1 сағатта 4 рет (сұрауы бойынша) немесе максимум 40 минут – 2,5 сағат арасында емізу керек. Ал түнге болғанда,ұйықтар алдынада немесе оянғанда емізуді қажетсініп, немесе бұл процесс 3-8 сағат арасында орын алады. Зәр шығару: Әдеттегідей жиі орын алады. Кейде ұйықтар алдында құрғақ ұйықтап, оянғанда зәр шығару сигналын анасына жіберуі мүмкін. Күніне ең көбі 5-8 ретке дейін үлкен дәрет шығарады. Ұйқы: Сәби 2 айдан бастап аз ұйықтай бастайды. 1 күнде 5 ұйықтау режимі қалыптасады: 1-3 сағаттық екі ұзақ ұйқы және 10-30 минуттық үш қысқа ұйқы. Түнгі ұйқысы 10-12 сағатқа дейін жалғасады(оянғанда арасында емізіп тұруыңыз қажет).