Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері
Үш айда бала аунап, былдырлап, өзіне жақын адамдарды танып қалады
cайты 3 айлық нәрестенің бойындағы жаңа қылықтары мен физикалық, психологиялық, қимыл-қозғалысы, денсаулық жағдайы туралы негізгі және ең керекті ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.
- Ішпен жатқанда басын нық ұстай алады;
- Бір қолы мен екінші қолын ұстап, саусақтарына қарап, қолын сора бастайды.
- Аунай бастайды;
- Күліп, қимылдап, былдырлайды.
- Ілулі тұрған ойыншықтарға қолын созып, түсі мен көлеміне назар аудара алады
- Ойыншықты ұстап, тартып алады;
- Ішпен арқаға, арқадан ішке аунай;
3 айлық нәрестенің бойы мен салмағы Ресейлік дәрігерлердің тұжырымы бойынша:
3 айлық | мин | макс |
Салмақ (ұл), кг | 4,9 | 7,0 |
Салмақ (қыз), кг | 4,8 | 6,3 |
Бой (ұл), см | 56,5 | 62,0 |
Бой (қыз), см | 56,2 | 61,8 |
Бас өлшемі (ұл), см | 39,0 | 42,5 |
Бас өлшемі (қыз), см | 38,0 | 41,2 |
ұлдың кеуде өлшемі | 36,5 | 41,6 |
қыздың кеуде өлшемі | 37,3 | 41,4 |
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұыйымың тұжырымы бойынша 3 айлық баланың өлшемдері
3 ай | төменгі | ең жоғарғы өлшем |
ұл бала салмағы | 5,0 | 8,0 |
қыз бала салмағы | 4,5 | 7,5 |
ұлдың бойы | 57,3 | 65,5 |
қыздың бойы | 55,6 | 64,0 |
ұлдың бас өлшемі | 38,1 | 42,9 |
қыздың бас өлшемі | 37,1 | 42,0 |
Бір күнде 10-12 рет, түнде 2-4 рет емізуді қажет етеді. Емізу процессінде бала жан-жағындағы дыбыстарға алаңдап, үзіп-үзіп емеді. Түнгі емізу ұзақтығы 2,5-3,5 сағат арасын құрайды. Үлкен дәрет: Жиі емгендіктен, қаймақ сұйықтығына ұқсас жиі үлкен дәрет жіберді. Күнде белгілі бір сағатта немесе бір күнде 5 ретке дейін жөргегін бүлдіреді. Кейде 2-5 күнде 1 рет үлкен дәрет шығарады, тек жұмсақ әрі қышқыл иісті болса бәрі қалыпты. Ұқйы: 3 айлық нәресте түнде 2-4 рет емізуді қажет етіп, 10 сағатқа жуық ұйықтайды. Емізу ұзақтығы 4-8 сағатқа дейін созылады.Таңертең 1-2 сағаттық 2 ұсақ ұйқы және 30-40 минуттық 2 қысқа ұйқысы қалады. 20-30 минуттан кейін ғана ұйқыға кетеді. 3 айдан кейін, ауа-райын, ай толысу мен тұтылуына байланысты мазасыздана бастайды. 3 айлық себидің эмоционалды дамуы
- Жақын адамын көргенде;
- Жақын адамның даусын ажырата алады;
- Ойыншыққа қарағанда әрекеттеніп күледі;
- Музыкалық аспап пен ән салған адамға қарап, күліп, қыймылдап,былдырлай бастайды.
- Анасының назары бөлінбесе;
- Ойыншығы назарынан бірден жоғалса;
- Температура бірден ауысса;
- Бір жері ауырса;
- Қымтап, бесікке байлап тастаса;
- Тым қатты дауыстар естігенде.