6 айлық сәбидің дамуы:қалап жатса баланы тамақтандыра берген жөн
Баланың түңгі ұйқысы көбейіп, күндізгі ұйқысы азаяды, еңбектеп, күндіз аз емеді
6 айлық нәрестені тамақтандыра бастаған жөн. Ол өз отбасын зерттеп, олармен былдырлап сөйлеп, ойыншықтарына аса мән береді. KYN.KZ алты айлық баланың даму деңгейі бойынша назарларыңызға қызықты ақпарат ұсынады. Сонымен қатар, бұл уақытта олар аунап, әлдеқайда жақсы еңбектей бастайды. 6 айлық баланы ересек адамның аз ғана демеуімен аяғын нық бастырып, отырғызуға икемдеуге болады. Алдыға қарай ұмтылып, анасына көтер деп қолын соза бастайтын уақыт келді. Тамақтануы Бұл кездері сәби түңгі уақытта көбірек еміп, күндіз аса қарны аша қоймайды. Үлкендердің тағамдарының дәмін татуды үйренеді. Бұл дегеніміз, ана сүтіне тоймау емес, тек өзі үшін жаңа дәмдерді аша бастайды. Бұл оның дамуының жаңа белгісі. 6 айлық нәрестенің күтімі Түңгі ұйқы ұзарып, күндіз 30 минут пен 2 сағат арасында 2-3 рет ұйықтап тұрады. Ресейлік педиатрлар ұсынған стандарт
6-ші ай | мин | макс |
Салмақ (ұл) кг | 6,6 | 9,0 |
Салмақ (қыз) кг | 6,3 | 8,3 |
Бойы (ұл)см | 63,0 | 69,0 |
Бойы (қыз) см | 62,5 | 68,8 |
Бас өлшемі (ұл) см | 42,0 | 45,5 |
Бас өлшемі(қыз)см | 41,5 | 44,2 |
Кеуде көлемі (ұл)см | 41,4 | 47,6 |
Кеуде көлемі (қыз)см | 41,6 | 45,8 |
6 ай | минималды | максималды |
ұлдың салмағы | 6,4 | 9,8 |
қыздың салмағы | 5,7 | 9,3 |
ұлдың бойы | 63,3 | 71,9 |
қыздың бойы | 61,2 | 70,3 |
ұлдың бас өлшемі | 40,9 | 45,8 |
қыздың бас өлшемі | 39,6 | 44,8 |