Басты жаңалықтар
Көкшетауда көл мен құмнан адам бойын еніп кететін аса қауіпті жәндіктің жұмыртқасы табылды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2019
- 252
Көкшетаудағы Қопа көлінің суынан да, құмынан да санитар дәрігерлер гельминт жұмыртқасын тапты деп жазды KYN.KZ KTK арнасына сілтеме жасай отырып.
Шомылу маусымы енді басталғанда бұл зертханалық сараптама қорытындысы жұрттың зәресін ұшырды. Күн ысыған сайын, қаламен жапсарлас жатқан Қопаның суына шомылып, құмына қыздырынатын тұрғындар бұған сенер сенбесін білмейді.
Құмды,малтатасты қайраңкөлге Шағалалы,Қылшақты өзендері құяды. Көкшетаудың тау баурайындағы бұлақтары да солай қарай ағады.
Дегенмен, қаламен іргелес жатқандықтан көлдің ластануына да себептер көп. Жағалай салынған моншаларды айтпағанда,кәріз құбыры жарылса да төгілген лас су арықтармен осында құлдилайды. Әзірге, жағажайдағы жағдай өзгере қойған жоқ. Қыста балығын аулап, жазда суына шомылатын тұрғындар Қопаға қарай әдеттегідей ағылып жатыр.
"Өте қауіпті нәрсе. Жерге отырады балалар.Жалғыз пляж осы қаладағы.Баратын жеріміз жоқ. Сосын осы жерге келеміз. Сөз жүріп жатыр паразит бар құмның арасында деп. Ешқандай тазалық жоқ. Жылдағы осы көретініміз. Кішкене құм сеуіпті ол не болады. 10 метрге",-дейді көкшетау қаласының тұрғыны Қайрат Айтмағанбетов.
Жағажайда ғана емес, судан да гельминттердің жұмыртқасын тапқан санитар дәрігерлер дабыл қаққанына екі апта болған. Әйтсе де, көл жағалауына әзірге бірде бір ескерту тақтайшалары ілінбеген.
"Бұл гельминттер табиғатта бар нәрсе. Олар природный цикл дейді ғой.сол цикл бойынша жаунарларда болады. Жануарлардан топыраққа түседі. Адамға әрине қауіпті.
Қан жүйесіне,адам миына да бауырға да түсуі мүмкін",- Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.
Қаңғырған ит пен мысықтан, лас судан пайда болатын паразиттердің көзін құрту үшін дезинфекция жүргізілмейді екен.
Залалсыздандыру үшін топырақтың бетін ауыстырған жөн, - дейді санитар мамандар. Содан болар, жағажайды жалға алғандар жаңа құм төсеген. Бірақ,бұл көлдің бір бұрышын ғана қамтиды.