Басты жаңалықтар

Әбдірахымов: Шымкентке еш қауіп жоқ, сабыр сақтап, дұғада болыңыздар

Шымкент әкімі Арыстағы жағдай жайлы ресми ақпарат берді

Шымкент қаласының әкімі  Арыстағы жағдай бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Әкімнің сөзінше қалаға ешқандай қауіп жоқ. Бірақ қаладағы балабақша қызметкерлері ата-аналарға балаларын алып кетуді сұрап жатыр екен. Елді есеңгіреткен жағдай жайлы қала әкімі бір ауыз ресми мәлімдеме жасады, деп жазды KYN.KZ. "Арыстағы  қайғылы жағдайға әскери қару сақталған қойма жарылды. Біз барынша жедел жәрдем көліктері мен халықты көшіріп әкету мақсатында автобустар жібердік. Қалада адамдарды тұрғызатын жатақханалар әзірленуде. Қажет болған жағдайда көмекке волонтерлерді шақырамыз. Қазірге қажеті жоқ. Қазірге халықтан сұрайтыным, сабыр сақтап, жарылыстың тоқтауын сұрап дұға етсеңіздер. Щымкент қаласы үшін ешқандай қауіп жоқ. Зардап шеккендерге көмектесіп жатырмыз",- деп жазды қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов