Басты жаңалықтар

Журналист тікелей эфирде әріптесін электрошокермен қорқытты

Ол өзінің осы қылығынан кейін жұмыстан қуылатынын да болжады

Британдық тележүргізуші Пирс Морган өзінің  әріптесі Сюзанна Ридті электрошокермен ұрды. Бұл жағдай  Good Morning Britain бағдарламасының тікелей эфирінде орын алды, деп жазды KYN.KZ. Арнайы тоқпен зарядталған сағатты Сюзаннаға тағуды ұсынған Морган , оның қуатын  350 вольтқа дейін көтерген. Сағатты таққан бойда тележүргізуші бар дауысымен қалай айқайлағанын өзі де байқамай қалған секілді. Бірақ тікелей эфирде болғандықтан бағдарламаны әрмен қарай жалғастыруға тура келді. Ал қасындағы әріптесі бұл жағдайға бір күліп алып: «мені бұл үшін жұмыстан шығарып жіберетін шығар»,-деді. Бұл қызық жағдайдан кейін, Ричард Арнольд есімді тағы бір жүргізуші сағатты өзі тағып, Сюзаннаның басынан өткен сезімді сезінгісі келгендей қауіпті құрылғыны тағып көруге ұсыныс жасады. Оның айтуынша, құрылғы толық күшіне енбей тұрып-ақ ауырлықты сезінген.  Осылайша олар сағатты тестіден өткізіп, өздерін бір сынап алды. Алайда New York Post-тің мәліметінше бұндай ойынның арты қайғйлы жағдайға ұласуы да мүмкін еді.