Судың пайдасы: орнымен ішсеңіз талай дерт сізді айналып өтеді
Жатар алдында бір стақан су ішсеңіз инфаркт пен инсульттен, сіңірлердің тартылып қалуынан сақтайды
Табиғи судың адам ағзасына пайдасы зор. Себебі оның құрамында түрлі элементтер мен миниралдар бар. Ағын судың кейде пайдаларын білмей жатамыз, ал кейде пайдасы жайлы толық түсінбей беймезгіл көп тұтынып қоямыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны қатар жүретінін ұмытпайық. Суды дұрыс қолдану арқылы талай дерттен аулақ болуға болады. KYN.KZ суды дұрыс тұтынудың қарапайым жолдарын ұсынады. Таңертең тік жүргендіктен ағзадағы су аяқ деңгейінде болады. Ал ұйқыға жатқанда су көлденең деңгейде таралып, бүйректің көп су бөлуін талап етеді. Судың пайдасын арттыру үшін бейберекет іше бермей, бір режимге қойғаныңыз абзал:
- Таңертең – 2 стакан су:
ағзаның оянуына ықпал етеді.
- Әр тамақтың алдында (30 минут бұрын) – 1 стакан су:
ас қорытуға көмектеседі.
- Ваннаға түсер алдында – 1 стакан су:
қан қысымыңыздың жоғарлап кетуіне жол бермейді.
- Ұйқыға жатар 1 стакан су:
инсульт пен инфаркт және аяқ сіңірлерінің тартылып қалуының алдын алады.