Басты жаңалықтар

Тез арықтаудың 5 ережесі: артық салмақпен күресудің ең тиімді тәсілдері

Артық салмақпен күресу кезінде ағзаңызды бірден ауыр физикалық жаттығулармен, бірден тым аз ауқаттанумен қинауға мүлде болмайды.

Қалай тез арықтауға болады? Бұл сұрақ қазір тек қыздардың емес, ерлердің де бас ауруына айналды. Себебі, көпшілігіміз қазіргі күнде қозғалысты қажет етебермейтін салаларда қызмет етеміз. Ал жаз шығатын кезде, көпшілік жиналатын ортаға барарда  әдемі киіммен бірге өз сымбатымызды іздей бастаймыз. KYN.KZ сайты артық салмақпен алысудың ең тиімді тәсілдерін назарларыңызға ұсынады. Тез арықтаудың 5 құпиясы:

  1. Суға лимон шырынын қосып ішіңіз:

Лимонның бірнеше тамшысын суға тамызып, таңертең ішіңіз. Ал қалған уақыттарда, күнделікті 7-8 стакан су ішуді әдетке айналдырыңыз. 

  1. Өзіңізді қанттан шектеңіз:

Газдалған сусындар мен тәттіден барынша аулақ болыңыз. Тәттіні азайтпасасаңыз: беліңіз бен ішіңіздегі майлар ешқашан кетпейді.

  1. Майлы еттерден аулақ болыңыз:

Қой,сиыр, жылқы еттерінен бас тартып, майсыз тауық еттерін жеңіз.

  1. Жеміс-жидектерді көптеп жеңіз:

Олар ағзаны минералдар мен витаминдермен толықтырады

  1. Түрлі дәмдеуіштер қосыңыз:

Корица, имбирь, қара бұрыштарды тағамға қосыңыз. Олар астың тез қорытылуына көмектеседі.