Әбдірахымов наразы жұртқа: Менің қолымнан келетіні сіздерге тамақ, су, жатын жай беру
Әкім: Қазір тынышталмасаңыздар арты жаман болады
Шымкент әкімі Ғабидұлла Әбдірахымов митингіге шығып баспана сұраған халықпен кездесті. Әкім өз кезегінде тұрғындардың үй сұрауы орынсыз екенін айтты, деп жазды KYN.KZ. Оның сөзінше қазір арыстықтар қалада тыныштық сақтап, уақыты келгенде өз үйлеріне көшіп барғандары жөн. Ол үйлерді мемлекет қаржысына жөндеуден өткізіп беретінін айтқан әкім, оны әр адам сатады ма, әрі қарай сол жерде тұрады ма өзі біледі.