Митингтегі әйелдер Әбдірахымовты ұра жаздады:Шымкент әкімін күзетшілері әрең алып шығып кетті
Қала әкімі қарапайым халыққа талабы еш негізсіз екенін айтып, көпшілікті ашуландырып алды.
Шымкентте наразы халықтың алдына шығып сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовты көпшілік таптап кете жаздады, деп жазды KYN.KZ Қаладағы орталық мешітке жүздеген адам жиналып әкімне баспана сұрады. Арысқа жағдай жасап шығындалғанша қала маңынан ең құрғанда жер беріңіздер деді қарапайым халық арасынан суырылып шыққандардың бірі. Әкім өз кезегінде қолынан ештеңе келмейтінін ашық айтты. "Арысқа ақша бөлініп жатыр, Газ, су бәрі кіреді. Үйлеріңіз, дүкендер жөндеуден өтеді. Арыс шымкентке жақын орналасқан қала. Арыстың болашағы зор. Сондықтан еш қорықпай ауылдарыңызға қайтқандарыңыз жөн. Кезінде Ташкенттің тас- талқаны шықты. Қазір қандай? Бұлай шу шығару жақсылыққа апармайды. Тарқаңыздар. Бәріміз Алла жаратқан пендеміз. Ертең ұят болып қалатын тірліктер жасамайық. Мен қалай сіздерге қаладан үй беремін. Бұл жерде ондаған жылдардан бері кезегін күтіп жүрген жүз отыз мың адам бар. оларға не деймін, Сосын олар келіп сіздермен қырлыссын ба?",- дебергені сол еді әкімнің қасына ашынған әйелдер айқайлап келіп қалды. Олар сөзді бұрмаламастан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Көпшілік әкімді қоршап алған сәттен бастап ақ киінген жігіттер Әбдірахымовты қоршап, адамдарды жақындатпай, сол ортадан әрең шығарып алып кетті.