Басты жаңалықтар

Балалар массажы: Маман үй жағдайында жасауға болатын ең оңай әрі пайдасы зор массаж түрлерін атады

Баланың көңіл-күйі жақсы кезде ойын түрінде жасалған массаждың әсері жақсы болады

Емшектегі балаға массаж жасау - көпшілік аналардың «қолдарынан келмейтін» дүние болып көрінеді.  Біршамасы, балаға дұрыс массаж жасай алмай,  зақым келтіріп алудан қорқады. Сәбиіңізге массаж жасаудан еш қорықпаңыз! Балалар массажы жайлы кітап жазған автор Софи Дюмоте – ананың қолынан шыққан массаждың ең пайдалы дүние екендігіне сенімді. Ол үшін KYN.KZ  бір жасқа дейінгі балаға арналған негізгі массаж түрлерін арнайы маманның кеңесімен назарларыңызға ұсынады. Ана мен баланың көңіл-күйлері жақсы болса массаж ұзақ уақытқа дейін созылуы мүмкін. Егер, анасының уақыты болмай немесе басқалай жағдай болса, онда бастысы балаға қамқорлық танытып, аздап сипаласа болғаны.  Софи Дюмоте айтқандай, уақытты үнемдеу үшін, бір подходтан тұратын «экспресс массаж» жасасаңыз болады : жоғарыдан-төмен, оңнан-солға, арттан-алға 1. Мойыннан аяқ саусақтарына дейін жасалатын массаж Жылы қолдарыңызды баланың кеудесі мен ішіне қойыңыз. 2)Қолыңызды ішінен бастап мықыны арқылы құйрығына дейін сипалаңыз. Одан әрі, аяқтарын түсіп, сосын аяқ саусақтарына массаж жасаңыз. Бұл әрекетті жүзеге асыру барысында,аяқты қапсыра(обхватывайте) ұстаңыз.  Оң қолыңызбен – сол аяқ саусақтарына, сол қолыңызбен – оң аяқ саусақтарын бір уақытта уқалаңыз. 4. Ішке арналған массаж Қолыңызды балаңыздың ішіне қойып,  сағат тілімен бір бағытта, бір қолыңыздың артынан екінші қолыңызбен домалатып отырыңыз. ! Бұл массаж, ас қорытуға көмектескендіктен, баланың жөргегін ауыстырғанда жасау өте пайдалы. (тамақтанардың алдында немесе тамақтандыра салып жасауға болмайды!) 5) Арқасынан ішіне қарай жасалатын массаж Баланы қырынан жатқызып, үстінде тұрған аяғын аздап түзулеп, денесін абайлап арқасына қарай жатқызыңыз.Бала ыңғайлы жатуы үшін, арқасына қолыңызды қойып көмектесіңіз. Сосын қолыңызды ішіне қарай жылжытай уқалай, аяғын ұстап тұрыңыз. Баланы келесі жағына аударып, 5-6 рет қайталаңыз. 7)  Қолға арналған массаж Қолыңызды баланың кеудесіне қойып, одан иығынан ұстап, алақанына дейін жылжытыңыз. Бала қарсыласпаса, жұдырығын ашыңыз. Екі қолыңызбен бірдей саусақтарына салалап, уқалаңыз. Баланың қолдарын кеудесіне қойыңыз. 8. Бетке арналған массаж Алақаныңызды баланың астыңғы бойнынан бастап құлағына дейін сипалап өтіңіз. Құлақ қыртыстарының арасын ақырындап ашыңыз. Баланың маңдайын қолдарыңызбен кезекпен сипалап, баланың басы мен шашына май жағыңыз. Экспресс-уқалау Баланы аяғыңызға жатқызып, бір қолыңызбен ұстап, екінші қолыңызбен желкесінен табанына дейінгі аралықта ұқалаңыз. Асықпай, 2-3 ретке дейін қайталаңыз. 12. Қолмен «жөргектеу» Кез-келген жағдайда баланы «жөргектеу» арқылы тыныштандыруға болады. Екі қолыңызбен баланың қолын ұстап, сосын аяғын ақырындап қосыңыз. Аздаған уақыт жібермей,  ақырындап тербетіңіз. Бала қарсылық танытып, мазасызданса, бірден босатыңыз.