Басты жаңалықтар

Отандық жас актриса «шешінбей-ақ» жұлдыз болуға болатынын айтты

Анар: Мен оқымаған адамдардың актер болып, киноға түсуіне қарсымын

Анара Батырхан отандық шоу бизнесте аз ғана уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болды. Актриса өзінің өнерге келу жолы мен шығармашылық жаңалықтарымен, бөлісті деп хабарлайды inform.kz сілтеме жасаған KYN.KZ Актриса шығармашылық жолын бейнебаяндар мен сериалдарға түсуден бастаған. Кейін «Q-елі» сериалына басты рөлге қабылданған. Айтуынша алғашқы түсірілімдер өте қиын болған. Себебі, халықты күлдіру өте қиын. Анара қазір кәсіби емес актерлер туралы да сөз қозғады. «Мен кәсіби емес актерлердің киноға түсуін қолдамаймын. Мен өзім осы мамандықты Өнер Академиясында бітіріп шықтым. Дегенмен түсірілім алаңында білімі жоқ, бірақ киноға түсу үшін келетін актерлерді жиі көремін», - деді. Жас актриса болашаққа Үндістандағы ән байқауына қатысуды жоспарлап жүргенін айтты. «Менің шетелге көшіп кету ойымда жоқ, тек Қазақстанның өнерін танытқым келеді. Сол үшін Үндістанға жол тартпақпын», - деп келешегіне қойған мақсатын ашып айтты. Сонымен қатар Анара халыққа айқай-шусыз және шешінбей-ақ жұлдыз болуға болатынын көрсеткім келеді. Яғни өз өнерін арқылы. Менің ойымша оқырмандарды хайп арқылы емес, шығармашылығынмен, ішкі жан дүниенмен жинаған дұрыс. Мен сол үшін тырысамын», - деп сөзін аяқтады.