Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Есікте әкесі туған ұлын арматурамен ұрып өлтіре жаздаған

Үйінен бір ай бұрын қашып кеткен анасы ұлының ауруханада екенін желіде тараған видеодан көріпті

02.07.2019
0
Есікте әкесі туған ұлын арматурамен ұрып өлтіре жаздаған

Әкесі арматурамен ұрып, денесінің сау тамтығы қалмаған 8 жастағы бала ауруханаға түсті. Қатыгез әкеден қашқан оған көшедегі жандар көмек берген.

Көп ұзамай әлеуметтік желіге тараған видеодан өз ұлын таныған шеше де ауруханаға жетті. Алайда ол соққыға жығылған өз ұлын кіналап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ Еуразия арнасына сілтеме жасай отырып.

Бүтін Еңбекшіқазақ ауданының мамандарын аяғынан тік тұрғызған бұл бүлдіршін үйінен 30 маусым күні қашып кеткен. Жолдан такси ұстап, жұрттан мені құтқарыңдар деп жалбарынғанға ұқсайды.

Денесіндегі темір іздерінен адам шошиды. «Әкемнен таяқ жедім, екі күннің бірінде анам да соққының астында қалады. Ол шыдамай үйден кетті» депті. Тауып алған кісілер бірден полицейлерге хабарлап, ауруханаға жеткізген.

«Жаңағындай телесный повреждение дейді. Денесінде ғана із бар.
Арқасында, жамбасында, аяғында, қолында, аяғының төменгі жағында, жамбасында бар»,-деді Есік облыстық орталық ауруханасы, балалар бөлімінің меңгерушісі Венера Раисова.

Бір күн үйіне келмеген сегіз жасар баланың шешесі ұлының ауруханада жатқанын тек әлеуметтік желіден есітіпті. Алайда, бізбен тілдесуге қарсылық танытты. Отбасылық кикілжіңге ешкімді араластырғысы жоқ.

Тіпті, 1-сынып оқитын перзентінің өзі кінәлі таяқ жеуіне депті дәрігерлерге. Өздері Есіктегі саяжайда тұрғанымен, бала қаладағы мектептердің бірінің оқушысы екен. Ондағы директор да жауаптан қашты.

«Баланың оқитыны рас па? Ия рас. Енді айтыңыз, қандай отбасында тәрбиеленд? Осындай ұрылған болып келген күндері болды ма? Қайда тұрды? Я не могу дать информацию. Тұра тұрыңыз!.

Алды-артына қарамай директордың міндетін атқарушы мұғалім мүлдем тілесуге келіспеді. Ал, Медеу аудандық білім бөліміндегілер, отбасын тек жақсы қырынан танып отыр.

«Мектепке тап-тұйнақтай боп келетін. Сабақ үлгерімі де өте жақсы. Класс жетекшісінің немесе мектеп әкімшілігінің тарапынан дәл осы отбасына ешқандай шағымдар түспеген»,-дейді Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Айтгүл Кемелова.

Білуімізше, бұл отбасының жалғыз ұлдары. Бірақ ерлі-зайыптылардың екінші некелеріне ұқсайды. Көкала қойдай сабалған баланың шешесі күйеуінің үстінен арыз жазбаймын дегенімен, полицейлер қылмыстық іс қозғап та қойған.

«Қазіргі уақытта бұл дереккке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкесғ тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Айта кету керек, балаға дене жарақатын салды деген күдікке туған әкесі ілінді»,-деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Қазір жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қатты қорқып қалғанын айтты. Ал, білім бөліміндегілер әзірге әкесін әкелік құқықтан айырғанымызбен, бала анасының қасында қала береді дейді.

Бірақ, отбасылық кикілжіңге теңеп, 8 жастағы баланың құқығын шешесі қаншалықты қорғап отырғанын да полицейлер тексеретін болады дейді.

Бөлісу8Твит5
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1421 бөлісу
    Бөлісу 568 Твит 355
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    936 бөлісу
    Бөлісу 374 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    902 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.