Басты жаңалықтар

Есікте әкесі туған ұлын арматурамен ұрып өлтіре жаздаған

Үйінен бір ай бұрын қашып кеткен анасы ұлының ауруханада екенін желіде тараған видеодан көріпті

Әкесі арматурамен ұрып, денесінің сау тамтығы қалмаған 8 жастағы бала ауруханаға түсті. Қатыгез әкеден қашқан оған көшедегі жандар көмек берген. Көп ұзамай әлеуметтік желіге тараған видеодан өз ұлын таныған шеше де ауруханаға жетті. Алайда ол соққыға жығылған өз ұлын кіналап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ Еуразия арнасына сілтеме жасай отырып. Бүтін Еңбекшіқазақ ауданының мамандарын аяғынан тік тұрғызған бұл бүлдіршін үйінен 30 маусым күні қашып кеткен. Жолдан такси ұстап, жұрттан мені құтқарыңдар деп жалбарынғанға ұқсайды. Денесіндегі темір іздерінен адам шошиды. "Әкемнен таяқ жедім, екі күннің бірінде анам да соққының астында қалады. Ол шыдамай үйден кетті" депті. Тауып алған кісілер бірден полицейлерге хабарлап, ауруханаға жеткізген. «Жаңағындай телесный повреждение дейді. Денесінде ғана із бар. Арқасында, жамбасында, аяғында, қолында, аяғының төменгі жағында, жамбасында бар»,-деді Есік облыстық орталық ауруханасы, балалар бөлімінің меңгерушісі Венера Раисова. Бір күн үйіне келмеген сегіз жасар баланың шешесі ұлының ауруханада жатқанын тек әлеуметтік желіден есітіпті. Алайда, бізбен тілдесуге қарсылық танытты. Отбасылық кикілжіңге ешкімді араластырғысы жоқ. Тіпті, 1-сынып оқитын перзентінің өзі кінәлі таяқ жеуіне депті дәрігерлерге. Өздері Есіктегі саяжайда тұрғанымен, бала қаладағы мектептердің бірінің оқушысы екен. Ондағы директор да жауаптан қашты. "Баланың оқитыны рас па? Ия рас. Енді айтыңыз, қандай отбасында тәрбиеленд? Осындай ұрылған болып келген күндері болды ма? Қайда тұрды? Я не могу дать информацию. Тұра тұрыңыз!. Алды-артына қарамай директордың міндетін атқарушы мұғалім мүлдем тілесуге келіспеді. Ал, Медеу аудандық білім бөліміндегілер, отбасын тек жақсы қырынан танып отыр. "Мектепке тап-тұйнақтай боп келетін. Сабақ үлгерімі де өте жақсы. Класс жетекшісінің немесе мектеп әкімшілігінің тарапынан дәл осы отбасына ешқандай шағымдар түспеген",-дейді Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Айтгүл Кемелова. Білуімізше, бұл отбасының жалғыз ұлдары. Бірақ ерлі-зайыптылардың екінші некелеріне ұқсайды. Көкала қойдай сабалған баланың шешесі күйеуінің үстінен арыз жазбаймын дегенімен, полицейлер қылмыстық іс қозғап та қойған. «Қазіргі уақытта бұл дереккке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкесғ тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Айта кету керек, балаға дене жарақатын салды деген күдікке туған әкесі ілінді»,-деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев. Қазір жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қатты қорқып қалғанын айтты. Ал, білім бөліміндегілер әзірге әкесін әкелік құқықтан айырғанымызбен, бала анасының қасында қала береді дейді. Бірақ, отбасылық кикілжіңге теңеп, 8 жастағы баланың құқығын шешесі қаншалықты қорғап отырғанын да полицейлер тексеретін болады дейді.