Басты жаңалықтар

Буын ауруын емдейтін табиғи тағам түрлерін біліп, тұтына жүріңіз

Буын ауруы кезінде дұрыс тамақтану арқылы ауырсынуды азайтып, жиі әрі ретінмен тұтынған тағамның арқасында сауығып кетуге болады

Буын ауруы – жақында алған жарақаттың нәтижесінен пайда болады. Күн суығында, жаңбыр, қар жауғанда сырқырап, адамның мазасын қашырады. Сол себепті, ауырсынудың алдын алып, KYN.KZ ұсынған кеңестерге құлақ түріңіз. Себебі, адамзат тұтынатын тағамдар арасында буын ауруын емдейтін астың түрі көп. 1.Жеміс-жидектер – иммунитетті көтеріп, ауырсынуды басады. Иммунитет – әр кез ауруға төтеп беруге дайын болуы тиіс. Ол үшін, витаминдерге толы төмендегі жеміс-жидектерді жиі тұтынуды әдетке айналдырыңыз. Жүзім: құрамындағы проантоционның арқасында, буындардағы ауырсыну, шаншу және сырқыраудың азайтады.  Цитрустар: Апельсин, грейпфрукт жемістері құрамдындағы «С» витаминінің арқасында буындар ауруларының алдын алады.  Шие: Бұл жидектің құрамындағы қышқыл сусын – остеоартритпен ауыратын адамдарға көмектеседі. Жүргізілген зерттеу бойынша, 3 апта шие сусынын жиі тұтынған әйелдердің ауырсыну сезімдері едәуір азайған.  2.Көкөніс пен бұршақ – ауырсынуды азайтады Асжапырақ (шпинат) – бұл өсімдік антиоксиданттарға бай. Оның құрамында кемпферол –ауырсынуды азайтып, остеоартриттің асқынуына жол бермейді. Брокколи – құрамындағы сульфорафан ауруды азайтады.  Сарымсақ (чеснок) – буын аурулары мен жүрек ауруларының алдын алып, қан қысымды  түсіреді.  Соя - ақуызға бай. Қрұамындағы омеге-3 майы бар. Қызыл үрмебұршақ (фасоль) – темір мен магнийге, калий мен ақуызға бай.  3. Қабынуға қарсы өсімдіктер Шафран мен жүгері құрамындағы кроцин  буын аруырғанда таптырмас ем.  Зімбір (имбирь) : Зерттеу жүргізілген 63 пайыз буын ауруына шалдыққан науқастар -зімбірді үздіксіз тұтынуы буын ауруын азайтатындығын айтқан.  Көк шай  - зат алмасуды жылдамдату арқылы буын ауруларын жеңілдетеді. Дәнді дақылдар – ауырсынуды жеңілдетеді Майлылығы аз сүт өнімдері – йогурт, сүт және ірімшік кальций мен D дәрумендеріне бай. Остеопороз бен остеоартрит ауруларынын жеңілдетеді. Грек жаңғағы, фисташки мен миндаль – Кальция мен магнийге, Е және В витаминдеріне бай.  Балық және балық майы:  Омеге-3 майына бай балық өнімдері қабынумен күресіп, буын аруын тез уақытта тежейді.