Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда өндірілетін балық консервісінен қауіпті зат табылды

Қазақстанда өндірілетін балық консервісінен қауіпті зат табылды
ашық дереккөз
Оатндық өнімнен табылған қауіпті зат гендік деңгейдегі мутацияны көбейтеді
Отандық өнімнің құрамынан қауіпті зат табылды деп хабарлайды SPUTNIK сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі (Россельхознадзор) қазақстандық кәсіпорын өніміне қатысты лабораториялық бақылауды күшейтті. Ведомство мәліметінше, зертханада "J.F.M. company" ЖШС қазақстандық балық өнімін шығарушы кәсіпорынның өнімдері тексерілген. Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Ресей талаптарының бұзылғандығы анықталды: шпрот майында бензапирен табылыпты. Соған байланысты Россельхознадзор осы компанияның өнімдерін жеткізуге қатысты лабораториялық бақылауды күшейтуге шешім қабылдады. Бензапирен – канцерогендік қосылыс әрі гендік деңгейде мутацияға ұшыратуы мүмкін.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар