Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаштың өнеріне тәнті болған 70 жастағы АҚШ азаматы Қазақстанға қоныс аударды

Ол Димаш білім алған мектепке барып, оның туған ауылын аралап әншіге жақын адамдармен кездесіп сөйлесті

04.07.2019
0
Димаштың өнеріне тәнті болған 70 жастағы АҚШ азаматы Қазақстанға қоныс аударды

70-ке таяп қалған зейнеткер қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр. Өзі қазақша үйреніп, әрі қазақ балаларына ағылшынды үйретіп жүр екен.

Димаштың орындауындағы «Махаббат бер мағанды» тыңдауы мұң екен, Анита Карл өзіне «қалайда қазақша үйренуім керек!» деп мақсат қойыпты.  Содан АҚШ-тағы тып-тыныш, жайбырақат өмірін тастап, Қазақстанға қоныс аударыпты. Келесі жылға дейін осында қалам деп отыр. Зейнеткер қол қусырып отырмай, елордадағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен дәріс береді екен. Өмірімді күрт өзгертуге сеп болған Димаштың хас өнері дейді.

«Димаштың даусына ғашық болдым. Қазақ тілін, Димаш сөйлейтін тілді үйреніп жүрмін. Екі жыл бұрын орындауындағы әндерді естідім де, Мәскеудегі концертін көргеннен кейін, Қазақстанға барып тұрамын дедім. Оның әніне ғашықтық мені Қазақстанға баруға итермеледі. Туған жерін көргеніме қуаныштымын»,-дейді Димаштың жанкүйері  Анита Кахал.

Димаш білім алған Ақтөбедегі №32 қазақ мектеп-гимназиясынан күнде қонақ арылмайды. Соңғы бір айда жүзге тарта шетелдікті қабылдапты. Әрісі АҚШ, Германия, Ұлыбритания, берісі Мәскеуден келген. Бәрі де Димаштың жанкүйерлері екен. Олар Димаш туралы бәрін білгісі келеді. Әншінің алғашқы ұстазы Клара Қажғалиеваны сауалдың астына алады. Апайы да әбден ысылған. Шәкіртімнің арқасында жұлдыз болдым деп күліп қояды.

«Ең бірінші есік алдында көрген кезде мені құашқтап алып, үш рет айналған. Артынан «Апай, мен сізді қатты сағындым деп, барлық адамдар бізге қошемет көрсетіп, қол шапалақтаған еді сол кезде»,- дейді Димаштың ұстазы.

Димаштың Астанадағы жеке концертін естігендері сол екен, жер-жердегі фанаттары Ақтөбеге барғысы келетіндерін айтыпты. Туристік агенттіктерге қолқа салғандар көп екен. Музыканың құдіреттілігі, әншінің хас шеберлігінен дертке шалдыққан баламыздың өзі ән салып кетті деп хат жазғандар да бар. Солардың бірі Малайзиядан келген отбасы. Ясмин Абу-Ханифа ұлының арбаға таңылғанына, жолдың шалғайлығына қарамастан, Қазақстанға ертіп келген.

«Димаштың әндері құлағымызда күні-түні ойнап тұр. Ол- феномен. Екінші Майкл Джексон ғой. Егер табанымыз Ақтөбеге тимегенде, Димаштың туған жерін көрмегенде, өміріміз босқа кетті дер едік. Мен бақыттымын!»,-дейді Димаштың Малайзиядан келген жанкүйері Ясмин Абу-Ханифа.

Димаштың жерлестерінің көңілін қалдырмайық деді ме, әлде хас өнерге деген махаббат па, Ақтөбеге табаны тиген шетелдіктер оның шұрық-тесік жолын да, шаң басқан көшелерін де көрмеген кейіп танытты.

Бірақ, такси жүргізушілеріңіз ағылшын тілін меңгерсе деген өтініштерін айтып қалды. Мектептегі мұражайын аралап жүріп, Димаштың еш жерде жарияланбаған оқушы кезіндегі фотосуреттерінен жасалған буклетті көріп, балаша қуанды. Тіпті, сатып алуға дайын болды. Қай жерден алсақ болады деп сұрап та жатты. Ұстаздардың аузынан бір ғана дана дегенін естігенде, көңілдері су сепкендей басылды.

«Бізде қызмет көрсету жағы ақсап тұр дер едім. Жолдардың жайы, көлік қатынасы, такси қызметі… Біз қонақжай халықпыз, ол қасиетімізге шетелдіктер таң қалысып жатады. Керемет, әрине! Бірақ, сервис жағынан да сол үдеден шықсақ екен. Келген қонақтардың көбісі такси жүргізушілеріңіз ағылшын тілін меңгерсе деген тілектерін айтып жатады»,-дейді Туристік фирма өкілі Мейрамгүл Балғожина.

Табынушыларына әншіге қатысы бардың бәрі қызық. Турды ұйымдастырушылар туристердің бар ұсыныстарын ескердік деп отыр. Оларды Димаш оқыған мектеп, саз мектебі, әрі қарай білімін шыңдаған музыкалық колледжге апарды. Жанкүйерлері әншінің ұстазы Марат Әйтімовпен жүздесіп, сауалдарын қойып, тіпті музыкадан дәріс алуға мүмкіндік алды.

Бөлісу16Твит10
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1722 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1416 бөлісу
    Бөлісу 566 Твит 354
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1103 бөлісу
    Бөлісу 441 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    984 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    932 бөлісу
    Бөлісу 373 Твит 233
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    899 бөлісу
    Бөлісу 360 Твит 225
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    713 бөлісу
    Бөлісу 285 Твит 178
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.