Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ұлыбритания түрмесінде жатқан: Айсұлтанға өзін суицидтен құтқарған полицейді сабады деген айып тағылды

Осыған дейін қамауда отырған Назарбаев бүгін ауруханаға жіберілді

04.07.2019
0
Ұлыбритания түрмесінде жатқан: Айсұлтанға өзін суицидтен құтқарған полицейді сабады деген айып тағылды

Соттар мен трибуналдардан хабар тарататын ұлыбританиялық Court News UK агенттігі 4 шілдеде Лондондағы Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлады.

Отырыста Айсұлтан Назарбаев «өзін суицидтен құтқарып қалған полицейді тістегенін» жоққа шығарды. Сайттың жазуынша, Назарбаевқа «полицейді жарақаттады және жекенің мүлкін бүлдірді» деген айып тағылған.

Агенттіктің хабарлауынша, судья Филип Бартл Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, қаладағы Priory Group ауруханасына жіберген. Сайт Назарбаев ісі бойынша негізгі сот «келер жылы 20 наурызда басталатынын» жазды. Court News UK агенттігінің дерегінше, Айсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін Лондонның оңтүстік-батысындағы Уандсворт түрмесінде отырған.

Сайттың хабарлауынша, «Назарбаев 5 маусымда полицей Росс Сэмбрукке шабуыл жасаған. Осы оқиғадан екі күн бұрын Назарбаев International Park Plaza Hotel қонақүйінде өзі тұрып жатқан нөмердің терезесіне шығып алып, секірмек болған. Осыдан кейін қонақ үйге полицейлер келген».

Агенттіктің жазуынша, 26 маусымдағы сот алдындағы тыңдауда прокурор Грегор МакКинли Айсұлтан Назарбаев Лондондағы Тависток көшесіндегі пәтерде полицейлермен жанжалдасып қалғанын, сол кезде бір офицерді тістеп алғанын айтқан.

Сотта МакКинли «айыпталушының Қазақстан президентінің немересі (Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айтса керек – ред.) екенін» жеткізген.

Court News UK сайтының жазуынша, сотта тағы бір прокурор Қазақстан билігінің Лондон полициясымен хабарласып, айыпталушыны Англиядан депортация жасау жолын сұрағанын айтқан.

4 шілдеде ресейлік «РосБизнесКонсалтинг» (РБК) агенттігі ұлыбританиялық басылымдарға сілтеме жасап, Лондондағы пәтерлердің бірінде Айсұлтан Назарбаев есімді адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жазды. РБК таратқан ақпарат бойынша, Назарбаев өзіне көмектеспек болған полицейді тістеп алған.

Ресейлік сайт «өз-өзіне қол салмақ болған» адам Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның ұлы екенін жазған.

4 шілдеде Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева Азаттық тілшісінің Айсұлтан Назарбаевтың қайда екенін сұраған сауалына жауап бермеген. Азаттық Лондондағы Сауторк сотына, Уандсворт түрмесіне Айсұлтан Назарбаевтың ісіне қатысты ақпарат сұрап, хат жолдады. Хатқа жауап әлі келмеді.

дереккөзі:azattyq.org

Бөлісу31Твит20
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    971 бөлісу
    Бөлісу 388 Твит 243
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    904 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    699 бөлісу
    Бөлісу 280 Твит 175
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.