Қазақстандық миллионер балаларын басқа фамилиямен құрлыс алаңындағы жұмысқа жегіп, қызықтарымен бөлісті
BI Group компаниясының төрағасы Айдын Рахымбаев Арыс тұрғындарына 100 миллион теңге аударған еді. Ол 2 аптадан бері мектеп жасындағы үш баласын 12 сағаттық жұмысқа тұрғызып қойған.
Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың (кәсіпкер жақында ғана өз атынан Арыс халқына көмек ретінде 100 миллион теңге көмек аударды) бала тәрбиесіндегі ерекше әдісі көпшілікті тәнті етті. Ол өзінің мектеп жасындағы үш баласын құрлыс алаңына басқа фамилиямен жұмысқа тұрғызған. 12 сағаттық жұмыстан шаршаған кәсіпкердің қызы құрлысшыларға тамақ дайындайтын асхананың азық-түлігі тұратын қоймада ұйықтап қалыпты, деп жазды KYN.KZ. "Бұл менің қызым. Қазір қыздарым құрлыс жұмысшыларын тамақтандыратын асханада басқа фамилиямен аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеп жүр. Онда жұмыс істейтіндердің ешқайсысы менің қыздарымның шын мәнінде кім екенін білмейді. олар күніне 12 сағат жұмыс істеп, сондағылардың өздерн қалай жұмсап, қалай шаршататынын айтып жүргендеріне екі апта болды. Қызым таңнан бастап елу келі картоп, он төрт келі пияз,он алты келі сәбіз тазалауы керек. Одан бөлек асханадағы пісірінділерге көмектеседі, 200 жұмысшы тамақтанған ыдыс пен қазандардың барлығын жуады. Қазір ұйқылары қанбай жүр. Бірақ отбасымызда 14 жастан бастап жұмыс істеу тәртібі бар. Балаларды әріптестері біліп қалмас үшін бұл жөнінде жазбаймын деген едім. Екінші қызым Амина қоймада ұйықтап қалған суретін жібергеннен кейін өзімді ұстай алмадым. "Көз шырымын алып үлгердің ба?" деп сұрадым. "Қайдағы, Ақмарал тәті "Қыздар, ыдысты жуыңдар" деп оятып жіберді" деп жауап берді. Жаным менің, шаршап қалыпты. Сендерді жақсы көремін, мақтан тұтамын.Бірақ осы істеген жұмыстары кейін өмірлерінде үлкен көмек болады деп санаймын. Ұлым да құрлысшылардың арасында басқа фамилиямен жұмыс істеп жүр. Алдағы уақытта олардың анекдотқа бергісіз оқиғалары туралы кеңінен жазатын боламын",- деп жазды BI Group компаниясының төрағасы айдын Рахымбаев.