Дана Нұржігіт: 11 рет ЭКО жасатып, Әлімді дүниеге алып келгенімде әкесі сатқындық жасады
Дана Нұржігіт уақытына жетпей дүниеге келген ұлын осы жағдайға жеткізгенше көрген қиындықтары жайлы ашық әңгімеледі
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт осыған дейін еш айтпаған жеке басының құпиясымен бөлісті. Журналист он бірінші рет ЭКО жасатқанда барып ана атанған. Оның өзінде Әлім уақытынан бұрын дүниеге келіпті. Журналис пен оның танымал күйеуі Владимир Рерих осынша ма қиындықты бірге жеңгенімен Әлім есеймей жатып ажырасып кетті. Дана Нұржігіттің сөзінше оның бірінші күйеуі сатқындық жасаған, деп жазды KYN.KZ "Тұтқиылдан келген жау болса,мейлі,ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес,білемін! Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім.Әмбе-әулиелерді аралап,ем іздеп,дәрігерден дәрігер тауып,аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім.Медицинаның бұл саласын керек етпейтіндер ең бақытты жандар шығар! Ал,бөбектің иісін аңсаған жұптар үшін бұл соңғы мүмкіндік.Сондай-ақ, медицинаның заманауи жетістіктері расында да үлкен үміт сыйлайды. Сол орталықтарды жағалап жүріп,мен небір оқиғаларға куә болдым.Бұл өмірде бәрі де мүмкін!Бәрін түсінуге болады,кешіруге болады!Егер ол ізгілікке,жаңа өмірге,қуанышқа жеткізер жол болса ғана... Мен, кезінде қызын қорып, "оқуды ғана біл!" деп өсіріп,аяғында "немерелі болғымыз келеді"деп,отырып қалған кәрі қызын дәрігерге жетектеп,"ішіне бірдеңе салып бер" деп келген шал-кемпірді көрдім,баласымен жасты ұлмен қолтықтасып анализ тапсырып жүрген келіншектерді көрдім, жап-жас қыздың қасынан мосқал тартқан шалды көрдім...Ешкімді айыптамаймын...Бұл-өмір.Журналист болған соң бәрін көресің. Көресің де,ой түйесін.ЭКО-ер мен әйел клеткаларын табыстырып,жатырға қондыратын миссияны орындайтын тәсіл ғана!Ал,қалғаны бір Алланың қолында.Оны дәрігерлер де мойындайды.Табиғаттағыдай бала бірден бойыға қона салмайды. Бір емес,бірнеше рет жасалуы мүмкін. Жасалу деп айтуға ғана оңай,ал ол қанша уақыт,денсаулық,қала берді,қаржы!Болмай қалса,психологиялық соққы. Содан соң жиналып алып,қайта тұрып,бәрін басынан бастау!Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу.Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым!Қазір ойлансам,ақылға қонбайтын жанкештілік!Көзсіздік! Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!",- деп жазды Дана Нұржігіт. Оқи отырыңыз:
MMA-дан тұңғыш Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов базарда анасымен қауын сатып жұртты сүйсінтті (фото)
Жаманқұлов: Ізіме түсіп, мен тұрмақ әйеліме дейін кинодан қуылдық
Қазақстандық миллионер балаларын басқа фамилиямен құрлыс алаңындағы жұмысқа жегіп, қызықтарымен бөлісті
Аманжол Рысмендиев: Алдағы 5 жылда 1000 қазақты миллионерге айналдырамын (видео)