Таяқтаудың пайдасы: Баланы қалай тәрбиелеу керектігін біле жүріңіз
Ата-ана балаға не көрсетсе, бала өскенде өз отбасында тура сондай шешімдер қабылдайтын болады
Зерттеу көрсеткендей 10 әйелдің 9-ы өз баласына үлкенді-кішілі күш көрсетеді. Бірі баланы шымшып, бірі шашынан жұлқып, ал кейбірі белбеумен де сабайды. Бұл әдіс – тентек және ерке балаларды тәрбиелеу жолы деп ойлайды. Десе де, таяқтау баланың денсаулығы мен психикасына зияны болмаса – пайдасы жоқ екен, деп жазды KYN.KZ. Қол көтеруден нәтиже аз, керісінше балаңыздың жағдайын қиындатып жібереді Бала есерленген сайын, ата-ананың төзімі таусылып, оны басқаша тәрбиелеуге көшеді. Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс аз ғана уақытқа әсер етіп, одан кейін ұмытылады. Себебі, бала өзінің неге бұзықтыққа баратындығын өзі де түсінбейді. 1. Баланы ашушаң етеді Баланы бстапқыда шапалақ жұмсап тәрбиелеген соң, баланың ол соққыға еті үйренеді. Ата-анасы да уақыт өткен айын таяқтаудың көлемін арттырып, қатты жарақаттар салғанын өздері де байқамай қалып жатады. 2. Бала болашақта бәрін қайталайды Бала үйде болған бар жағдайды өз отбасын құрғанда қайталайды. Ондай балалар, өз отбасын құрғанда жары мен баласына жиі қол көтереді 3. Бала күйзеліске жиі түсетін болады Сізге біреу қол көтерсе, оның сізді жақсы көретіндігіне күмәндана бастайсыз ба? Балаңызда да солай! Әр соққы алған сайын бала өзін ешкімге керексіз, әрі өзін ата-анасы жақсы көрмейтін адам ретінде сезіне бастайды. Үй ішінен оңашаланып, жалғызданып, күйзеліске жиі түседі. 4. Денсаулығы нашарлайды Біреуге біреудің қол көтергенін көрген баланың өзі – күйзеліске түседі. Жиі күйзеліске түсу баланың иммунитетіне де кері әсерін тигізеді. Осылайша бала аурушаң бола бастайды . Енді не істеуге болады?
- Төзіміңіз таусыла бастаса – баланың қай жаста қандай әдеттерге жақын болатындығын ғаламтордан оқыңыз. Бұл сіздің түсінігіңізге оң ықпалын тигізіп балаңызбен тіл табысуға әсер етеді
Мәселен, «Неге?» сұрағын бала қанша жасына дейін қояды?
- Балаңызға өзін қалай ұстауды қанша айтсаңыз да, ол сізге құлақ аспайды
Балаға жалпылама ескерту жасай бермей, оның кері нәтижесімен қоса түсіндіріңіз. Мысалы: «Өзіңді дұрыс ұста» дегеннен гөрі, қай кезде өзін қалай ұстауды түсіндіріңіз. Мысалы: «Бауырыңды шымшыма, себебі оның қолы көгеріп қалады»
- Бала қатты еркелеп кетсе: Бала қатты еркелеп кетсе, өзіңізді сабырға шақырып, дауыс көтермей, баланың көзіне қарап сөйлеңіз. Сабыр – қатты дауыстан әлдеқайда күшті құрал.
- Бала бақырып-жылап (истерика) кетсе:
Аздаған демалыс беріңіз. Баланы жеке шығарып, оның бұл қылығының себебін сұраңыз. Егер бұл қылығын тоқтатпаса, ойын ойнамайтынын, бөлмеден шықпайтынын ескертіңіз.
- Балаңыз сізді тыңдамаса:
Аса қауіпті жағдай болмаса, қателік жасауына рұқсат беріңіз. Өз қателігі арқылы – өзі тәрбиеленеді. Тек: «Мен саған айттым ғой!» әуеніңізге сала көрмеңіз..