Анаға арналған әдемі өлеңдер. Ана жайлы өлең шұмақтары
ана туралы жыр
Аналар мерекесі мен аналардың туған күніне немесе аналарды ұлықтап, мәртебесін көтеруге арналған өлең жолдарын KYN.KZ назарларыңызға ұсынады. Өмірдің әр қырынан іздеп арай, Бақыт құсы самғасын Сізге қарай. Алпыстың асуынан еркін асып, Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай! ***** Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден, Теңейді берері көп алтын күзге. ****жыл еңсеңізді биік ұстап, Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен. **** жас - енді өмірдің басталғаны, Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі! Қос жанар - қос балаңыз аман болсын, Сол емес пе ананың басты арманы! ****** Төріңнен күн жоқ қонақ толастаған, Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән. Ананы қазақ – тәңір санапты ғой, Өзіңнен бұл фәниде жан аспаған. Анажан, түсір күткен келініңді, Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді. Жүре бер шаңырақтың құты болып, Аспанға атайын мен бөрігімді. ********* *** жасқа толыпсың анам бүгін, Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін. Құтты болсын дүниеге есік ашып, Алғаш рет сәби боп келген күнің. Орындалсын, анажан, басты арманың, Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын. Ұлы тойға ұлассын туған күнің, Жақсылыққа жайылып дастарханың. Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз, Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз. Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп, Арта берсін абырой беделіңіз. ******* Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған, Анадан қуат алған жарты ғалам. Құны мен қасиеті тозбайтұғын Біз үшін Ана деген алтын адам. Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз, Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз. Мың жасап үрім-бұтақ ортасында, Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз ******** Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың, мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар. Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Естеу Нүсіпбеков **********