Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары
ашық дереккөз
Әкелерді ардақтап, мәртебесін көтеруге арналған өлеңдер: Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз, Таси берсін әманда ырысыңыз. Немереңнің келіні сәлем етіп, Шөбереңнің қолынан су ішіңіз. Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың, Өмірдегі, төрімдегі тағымсың! Құтты болсын ......... жасың, жан әке, Сағынышым, қуанышым, асқар шың. Тілейміз біз таусылмайтын төзімді, Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді. Денсаулығың мықты болсын, жан әке, Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді. Айналайын жан әке, жасыл бағым!  Құттықтап келді бүгін боталарың.  Әрқашан анамызбен аман болып  Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын!  Айналайын жан әке, жасыл бағым!  Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым! Ерекше қайталанбас даралығың Өміріме жол сілтейді даналығың!  Айналайын жан әке, жасыл бағым!  Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.  Бақ-даулет, береке, ырыс болып  Сиынған ата-бабам әруағы қолдасын!                       ****** Асыл Әке, ардағы ұл-қызының, Бәрін болжап жүретін алдағының. Қамқорымыз Сіз келіп *** жасқа, Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін. Анамыз ******менен  қанаттасып, Жүріңіз әр күн сайын алға басып. Сіздерді мақтан етіп біз тұралық, Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.                       ******  Жан Әке, құтты болсын *** жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.                                          ******* Құтты болсын қуанышты күніңіз, Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз. ******* да асқарына жеттіңіз, Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз. Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз, Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз!                                                    **** Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз! Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген, Суыққа бір шалдырмай мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген. Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына. Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз, Біз бүгін әкелердің арқасында. Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып, Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық. Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп, Оны да аман-есен қарсы алалық.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар