Басты жаңалықтар
Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2018
- 4.9k
Әпкеге арналған құттықтаулар
Жан әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.
Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.
Балаларың – мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын! ***
Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, ..., туған күнің!
Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
... дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың. *****
Көрсетіп жанашырлық жиып көшін,
Бауырлық сезімімді иіткенсің.
Інімнің мәртебесін биіктеттің,
Сіздің де мәртебеңіз биіктесін!
Даланың сияқтанған дара дүзі,
Жақсының бұл өмірде қалады ізі...
Есімің жүреді іні ізетінде,
Қазақтың қарапайым қара қызы! ****
Айтқанда туған жерді дір етпес кім,
Жаралған топырақ – бір, жүректесің:
.................... өңірінің төлі ғой деп,
Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.
Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік,
Жемісіңді еліңе жүрсің беріп.
Қазағымның бақ қонған қызы едің,
Мақтанамын киелі бір шың көріп! ****
Төбемізден төге бермес шуақты,
Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да.
Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,
Жақсы адамдар тіршілікте қаншама!
Келесі мақала