Басты жаңалықтар

Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

ағалар мен көкелер туралы өлең жолдары

Бүгін біздің отбасында той-думан, Бәрімізден жаны жайсаң - сой туған. Аға сенің құттықтауға бас қосты, Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған. Болсаң-дағы көп ұл-қыздар біреуі, Аға сенің қарашаңырақ тіреуі. Ел ішінде жүргеннен соң мүмкін ғой, Бірі мақтап, бірі даттап - іреуі. Ауылдасын ағайынға балаған, Елге сыйлы, жарға адал, балажан. Ата-ана, бала-шаға қамқоры, Бәрімізге қадірлісің жан ағам. Қандай жақсы сендей бауыр болғаны, Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі. Менің үшін зор қуаныш, ұлы той, Жан ағаның қырық жасқа толғаны.                         ***** Биігіне шығып талай асқардың, Өз салаңды адалдықпен басқардың. Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп, Жолын аштың соңыңа ерген жастардың. Келе жатқан асқар тауды сағалап, Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат. Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді, Отбасыңа сая болсын Сағадат                         ***** Ағам **** толғанда Таң күліп, Жұлдыз жанып пейіліңе, Халықтың кірдің, сірә, сеніміне. Бұл күні салауатты жігіт көрем, Басылған жастық шақтың желігі де. Жеңгеміз Жүр көшіңді өрге сүйреп, Келеді тірлігіңнің керуені боп. Жаныңда құлындарың шапқылап жүр, Ойлағын бір құдайдың бергені деп.                 **** Жан аға, өміріңнің өріндесің, Қарындас көңіліңнің төріндесің. Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ Тағдырдың сындарында жеңілмесін. Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға, Мерейім өсіп тұрар ағам барда. Жасыңнан жақсылыққа құштар едің, Келесің жарық сыйлап адамдарға.                        ***** Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем, Атыңды асқақтатып ән сап жүрем. Жаныңа титтей кіршік түспесін деп, Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем. Шүкір деймін өзіңдей жан барына, Жақсылықты тілеймін жалбарына. Сіздей аға бар болса – біздей іні Алаңдамай қарайды алдарына.                                 **** Қазақтың кең даласы жүректі, Барша жанға аппақ, таза тілекті. Бір атаның би ағасы бұл ағам, Жер бетіне қаншама әсем гүл екті. Қайырымды қолын созған сан досқа, Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа. Бұл ағама арналатын сөз басқа, Бұл ағама айтылатын ән басқа! Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы, Өнегесін жас ұрпаққа білдірді. Жібергендер қолтығынан Сіз демеп, Алатауға ту қадап та үлгерді. Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын, Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын. Тасқан жанның тас қамалын талқандап, Мұңды жанның маңдайынан сипадың.