Басты жаңалықтар

Үйде жасауға болатын оңай әрі пайдасы зор маскалар

үй жағдайындағы бет күтімі

Қымбат салондарға баруға қаржыңыз жетпесе үй жағдайында әсері жақсы маскаларды қолдан жасап пайдаланыңыз. Күтім жасалған тері қай кезде де жарқырап, әйел кісінің ортада өзіне сенімді жүруіне ықпал етері анық. Ең арзан, қолжетімді маска болып есептелетін - жұмыртқа маскасы. Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді. Бұл маска:

  • теріні тазалайды;
  • теріні тартады;
  • жұмсартады;
  • нәрлендіреді;

Сізге керегі:

  • 1 жұмыртқа;
  •  қағаз майлық (салфетка);

Жасалуы : 1. Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз.  2.  Ағын аздап араластырып, бетіңізге жағып, оның сыртынан қағаз майлықты қажет мөлшерде кесіп, жабыстырыңыз. Одан кейін бетіңізге жабысып тұрған қағаздардың сыртынан тағы бір рет жұмыртқаның ағын жағу керек. Бірақ тым көп жағудың қажеті жоқ. 3. Жұмыртқа жақсылап кепкен соң, яғни 20-30 минуттан кейін масканы төмен, яғни иек жағыңыздан бастап, жоғары, маңдайға қарай еппен тарта отырып, алып тастаңыз. Масканы алып жатқанда аздап ауыру сезімі болуы мүмкін. Дегенмен, жұмыртқа маскасының нәтижесін көргенде-ақ ол туралы ұмытып та кетесіз! 4. Масканы алғаннан кейін бағана бөліп қойған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Ал оның күші әлдеқайда арттыру үшін оған бірнеше тамшы зәйтүн немесе кокос майын қосуға болады. 5. 10 минуттан кейін бетіңіздегі жұмыртқаның сарысын жылы сумен жуып тастаңыз. ! Егер бет терісі құрғақ болса, дереу нәрлендіретін крем жаққаныңыз жөн. Мұндай масканы аптасына 2 рет жасап тұрған артық болмайды. Тері күйіп қалғанда не істеу керек? Қатер айтып келмейді, ал абайсызда болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек. Сақтансаң — сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда  не істеу қажеттігін білген артық етпейді. Теріні ыстық суға немесе басқа да ыстық нәрселерге абайсыз күйдіріп алғанда өзімізді қоярға жер таппай қиналамыз. Кейде абдырап, не істеу керектігін де ұмытамыз. Бұндай күтпеген «тосынсыйлар» орын алғанда, өз-өзіңді қолға алып,  өзіңізге не жақындарыңызға «Алғашқы көмек» көрсетуге асығыңыз. Үй жағдайында, күйікке көрсетілетін «Алғашқы көмек» жайлы біздің мақаламыздан оқи аласыз:

  • Су:

Күйік қанша ашыса да, оны суық судың астында ұстап, тазалау керек;

  • Одан кейін: тұз,бал, шикі жұмыртқа жағып немесе алмұрт тілімімен орауға болады
  • Күйік шалғанда, тіс пастасы да – терінің ісуі мен қабынуына қарса таптырмас құрал. 

! Егер күйік ауыруын тоқтатпаса, бірден дәрігерге хабарласыңыз!  Компот – әмбебап сусын. Оны ыстық жазда салқындатып ішіп, одан артылғанын қысқа сақтауға болады. Еуропалық дәстүр компотқа біз секілді жай ғана сусын ретінде қарамайды, олар үшін компот – тамақтан кейін міндетті түрде берілетін жеміс қайнатпасы. Ингредиенттер:  Су  Компот үшін краннан  алынған емес, сапасы жақсы судың таңдаңыз. Жаңа піскен жемістерді (витаминдерін алу үшін) ыстық суға , ал құрғақ жемістерді суық суық суға салыңыз: жібу үшін уақыт керек.  Қант  Компот үшін ақ, қоңыр немесе құрақ қант жарайды. Дегенмен, қантыңызға байланысты компоттың да дәмі өзгереді. Қантпен бірге бал қоссаңыз, хош иісті, пайдалы болып шыға келеді (балды қайнаған суға қосуға болмайды). Компот қайнатуда орташа есеппен әрбір литр үшін 150 грамм қант қажет. Жеміс-жидектер: Компотқа қолжетімді келетін кез-келген жеміс-жидек жарай береді. Бірақ, жеміс-жидектерді езуге болмайды. Компоттың мақсаты – жемістерді бүтін күйінде сақтау болып табылады (үлкен жемістерді кесіп салыңыз).  Тіл үйірер дәм мен хош иісті алу үшін қызыл шарапты, жеміс шырындарын, даршын, зімбір, жалбыз, мелисса, қалампыр, хош иісті бұрыш, жұпар жаңғақты қосуға болады. Бұлардың қатарына лимон қабығының үгіндісі мен раушан күлтелері, бір шымшым тұз артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштер дайын болуға 5-10 минут қалғанда қосылады . Компот қайнатудың тәсілдері: – Компотты жәй отқа аздаған уақыт қайнатып болған соң, отты өшіріп, бірнеше сағат бұқтырып қою керек. Осылай жасағанда жемістегі дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарды сақтап қалуға болады; – Жемістерді қайнап жатқан суға саларда лимон қышқылын қоссаңыз, дәрумендер жақсы сақталады; – Компотты қайнату уақыты әртүрлі: алма мен алмұрт үшін 35-40 минут, қалған жемістерге 15 минут жеткілікті; – Компотты дайындаудың тағы бір жолы: дайындалған жеміс-жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10-12 сағат бұқтырып қоясыз;