Басты жаңалықтар

Баланы жөргектен (памперс) шығарып, түбекке (горшок) үйретудің жолдары

Жаз мезгілі баланы түбекке үйретуге ең қолайлы кез. Күннің ыстығында ауа өтпейтін жөргекті баланың өзі де кигісі келмейді.

 

Жөргек – өте ыңғайлы зат. Үйде жүргенде де қонаққа барғанда да аналарды әрдайым құтқарады. Оны жуып әуреленудің де қажеті жоқ: баланың бұтына кигізіп, бірнеше сағаттан кейін шешіп, қоқысқа лақтырасыз. Шаруа сонымен аяқталды.  KYN.KZ сайты баланы түбекке үйреткен аналардың тәжірибесінен кеңестер ұсынады. Жаз – баланы жөргектен шығарып, түбекке үйретуге арналған таптырмас мезгіл. Ресейде баланы жасынан асқаннан соң түбекке үйрете бастаса, Германияда 2 жастан кейін ғана кіріседі екен.   2-3 жастағы баланың жөргек кигенін көрген адамдар: «әлі жөргек кие ме?» - деп ата-анасын сынға алады, таңданады. Бұл сұрақ жақындарының жүйкесіне тиеді.  Көптеген бала-бақшалар, тек түбекке отыра алатын балаларды қабылдайды. Соған байланысты,  ата-аналар «қолайлы» режимнен шығып, жөргектен ертерек құтылуға асығады.  Бастапқыда бала түбекке отырмай жылайды, содан соң ақырындап үйрене бастайды.   Баланы жөргекпен тез қоштастыру үшін, «Құпия жөргек киюшілер» клубының бір мүшесінің тәжірбиесін оқып көріңіз: «Әр дәретханаға сұранғаның үшін мен саған кәмпит беремін» - деп баласымен «келісім» жасайды. Бұл қулық жүзеге асып, бала да анасы да қуанады. Келесі күндерден бастап, тәтті жеу үшін таңертең бала ұйқысынан тұра сала, түбекке сұрана бастайды. Екі апта ішінде бала 3 шалбарын ғана бүлдіріп, қалған уақыттағы шаруасын түбекте бітіреді.  Есте сақтаңыз:

  • Бала сигнал бергенде, бәрін тастап бірден іс-әрекетке көшу керек. 
  • Баланың түбекке сұранғаны үшін мақтап, мотивация беру керек.
  • Баланың жөргектен шығуына барлық үй мүшелері көмектесуі тиіс:
 

Егер демалыс күндері анасы ұйқысын қандыру үшін, балаға қайта жөргек кигізсе – еңбегі жиі еш кетіп жатады. Бала да бұны түсініп: «егер қайта жөргекке жіберуге болса, ойыншығымды тастап, неге айтуым керек» - деп ойлап қалады.   Баланы түнгі жөргектен шығару қиын Көптеген балалар күндіз түбекпен достасса, кешке баяғы жөргекке жолдас болады. Ата-аналар мен балалардың ағзалары екі түрлі. Үлкендердің ағзасында кешкі дәретті сақтар тұратын гормон болады. Ал бала кіші кезінде ол толығымен қалыптасып үлгермейді. Бұл процестің қалыптасуы кейбірінде мектепке барғанша жалғасады. Есте сақтаңыз:

  • Балаға кешкілік су бермей қоймаңыз, бастысы ішкен сұйықтық мөлшерін бақылаңыз. 
  • Баланы қайта-қайта оятып, ұйқысын бұзып алмаңыз. Бала ата-анасының оятқанына үйреніп, миынан келетін сигналды қабылдай алмай қалады.